Мемлекет басшысы биыл Атырау қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда дәстүрлі мәдени-рухани құндылықтарымыздан ажырай бастаған бірнеше кемшіліктерді атап көрсетті. Соның ішінде, әсіресе, қоғамды жайлаған бес кесел, атап айтқанда, е сірткі саудасы және нашақорлықпен, буллинг және агрессиямен, вандализммен, ысырапшылдықпен бүкіл ел болып күре суіміз керек деді. Мұның алғашқысы сонау ерте кезден бар кесел еді. Кеңес өкіметі есірткі саудасы мен нашақорлықты жеңе алмады. Ішімдікке қарсы күресті, оны да жеңе алмады. Ал қалған 4 кесел тәуелсіздік алған жылдары қоғамымызға дендеп еніп, адами қасиеттерімізді кемітіп барады.
Бұрын мысалы, вандализм, буллинг, вейп дегендерді білуші ме едік? Енді біліп отырмыз. Жаһандануды желеу етіп, сыртқы күштер осы кеселдерді елімізге енгізіп, табыстың көзіне айналдырды. Солардың ішінде вейптердің таралуы жастарымыздың санасын улап, денсаулығын құрт атынын енді біліп, ха лық қалаулылары, зиялы азаматтарымыз дабыл қағып жатыр.
Өткен жылы Астана қаласына барғанымда құтыға ұқсас заттың жастардың, әсіресе қазақ қыздары мен жігіттерінің езуінен түспейтінін көріп, жағамды ұстадым. Содан, бұл қандай кесел деп интернетке үңілдім. Сөйтсем, ол шетелден келген электронды темекілер екен.
Бұл құтылы темекіні біреулер ермек үшін қолданса, өзгесі кәдімгі шылымды тастауға көмектеседі деген ойда. Дәрігер мамандардың пайымдауынша, электронды темекінің негізгі бөлігі, ол – никотинді улы зат. Ол қанға өтіп, психологиялық тәуелділік туындатады. Адам оны шекпесе ашуланшақ болады. Жүрек-қан тамырларына әсер етеді. Жеткіншектерді хош иісімен елітіп тұрған вейп өнімдердің зияны ұшан- теңіз екен. Құрылғының құрамында резеңке өндіруге арналған токсинді формальдегид атты химиялық заттар бар. Бұл қосылыстар адам ағзасына түскеннен кейін, бауырда жиналады. Ал, стиктердегі хош иістер шылым шеккеннің ғана емес, жанындағы адамдардың да ағзасында аллергия тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, өкпе мен бүйрекке зиян тигізеді. Ұзақ уақыт бұл құрылғыны пайдалану, тіпті қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Құрамы белгісіз құнықтырғыш құтыдағы темекіге қатысты тыйым күшейсін деген қоғам белсенділері оны еркін саудаға шығармау керек деп шырылдап бағуда. Қуанатыным, кішкентай ғана Қаратауда жастарымыз бұл кеселден әзірге сау. Бірақ, оның күндердің күнінде жастарымызды улайтыны анық екендігіне көзім жетеді.
Бүгінде электронды темекілер елімізге сертификатсыз кіргізіліп жатыр. Дәрігерлер электронды темекі құрамында психобелсенді заттар, ауыр металдар бар екенін айтып ескертуде. Қазір де электронды темекілер мектеп оқушылары арасында аса танымал. Бұл темекіні дүкенде еркін сатып алуға немесе әлеуметтік желі арқылы еш қиындықсыз тапсырыс беруге болады. Қысқасы, қаршадай ұл мен қызға қолжетімді.
Соған қарағанда біздің қаламызда бұл кеселмен ауырмайтын жан жоқ деуге де болмас. Шаһардағы біраз дүкенге бас сұғып, «электронды темекілер сатыла ма?» деп сұрастырдым. Олар темекінің бар екенін жасырған жоқ. «Алайда, бағасы қымбат болған соң, көп өтпейді» деп ашығын айтты. Оның үстіне бұл мәселенің ушығып тұрғанынан хабардар олар, темекіні саудаға шығарудан тартына бастаған секілді.
– Қала жастары, – деді қала тұрғынынын бірі, – бірін-бірі т анитын болғандықт ан жұртқа әшкере боламыз деп сатып алудан тартынады. Бірен-саран шегетіндердің денсаулықтарының мәз еместігіне куәмін. Әсіресе, өкпелері ауырады.
Дұрыс-ақ. Оның үстіне мектептерде құқық қорғау органдарының өкілдері вейптің зияны жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын естіп, бұл кеселді жоюға болатынына көзіміз жетіп отыр. Кішкентай Қаратау қаласында жағдай осындай болғанымен, облыс орталығы Тараз қаласындағы жағдайды білмейміз ғой. Сондықтан, атқарушы билік өкілдері, құқық қорғау органдары, зиялы қауым, ардагерлер, әсіресе «Жастар рухы» сияқты орталықтар бірігіп, жұмыс жасаса тиімді болар еді деген ойымызды билік басындағыларға да жеткіздім. Ұлттың саулығы, мемлекетіміздің болашағы үшін өте қажетті фактор десек, вейпке тыйым салуымыз керек деп санаймын. Бұл мәселе Парламент қабырғасында қаралып жатыр, тиісті заңның қабылданатыны анық.
Енді, бәрімізге бейтаныс, таныс буллинг туралы әңгіме қозғайық. Жалпы, буллинг дегеніміз не? Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қорқыту», «кемсіту», «мұқату» дегенді білдіреді. Буллинг – агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды, әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.
Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.
Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын ат айды. Ал, құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді.
Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг. Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету – өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.
Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.
Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ, реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан, ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.
Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршігенін айтып жүр. Кибербуллинг – интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар, құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.
Мұның қай-қайсысы болмасын қоғам үшін қауіпті екендігі айтпаса да түсінікті. Оның аяғы әлімжеттікке, суицидке апарып соғуы мүмкін. Бұл сұмдықтың да зиянды екенін айтудан жалықпауымыз керек. Парламент және Үкімет буллингтің жолын кесу үшін заңдарға өзгерістер еңгізуде. Ол заңдардың қат аң болғанын қалар едік. Өйткені, әр қылмыстың артында адам тағдыры тұр. Маған бір танысым мынадай әңгіме айтты. Оны қарамағындағы қызметкері жұрттың көзінше мұқатып, сыртқы адамдарды айдап салып, сенің көзінді құртамын дейтін көрінеді. Міне, осындайларға да тыйым салатын уақыт жеткен сияқты. Жақында бір ауданда лудоманияның соңына түсіп, қыруар қаржыға қарыз болған бір азаматтың өзіне суицид жасағанын да буллингтің бір түріне жатқызуға болады. Айта берсе әлеуметтік желі арқылы да қорқытып-үркіту, елді үрейлендіру сияқты оқиғалардың көбеюі, оған қарсы ашық әңгіменің айтылмауы да, қоғам үшін қауіпті болмақ.
Мемлекет басшысы айтпақшы, адамға әлімжеттік көрсету, қорлау дұрыс емес. Мұндай теріс әрекеттерге көз жұма қарауға болмайды. Ауруын жасырған өледі, сондықтан біз осы қоғамдық дертті жасырмай, ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. Ол үшін заң мен тәртіп қатал сақталып, заңның үстемдігі орнауы керек. Солар арқылы қауіпсіз ортаны қалыптастырып мейірімді әрі мәдениетті ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Жасыратыны жоқ, көбіміз зорлық- зомбылықты көріп тұрып, оны елемеуге тырысамыз. Меніңше, ол дұрыс емес. Бүгін сенің көріп тұрған адамыңа тиген жұдырық, ертең саған тиеді. Осындайда қоғамдық тәртіпті сақтаудағы полицияның нақты жұмысын көре алмай келеміз. Қоғам да белсенді емес. Оның орнына айқайға сүрең қосып жүргендерді көріп жүрегің ауырады. Қай заманда да ашу тұрған жерде ақыл тұрмайды. Ел басқарып жүргендер халықпен сөйлесудің, қашан да әділетті болудың тәртібін орнатпай, қауіпсіз қоғам құрамыз дегеніміз бос сөзге айналады.
Мемлекет басшысы көтерген кеселдің тағы бірі – вандализм. Өкінішке қарай, қоғамдық мүліктен бастап, мыңжылдық мәдени мұраларға дейін – бәрін жаппай бүлдіру кейінгі кезде әдетке айналған. «Бурабайдағы Жұмбақтасты, Баянауылдағы Кемпіртасты қараңыздар. Ең жауһар жерлеріміздің сұлулығы шимайдың астында қалып жатыр. Үйдегі лифтіні, ауладағы ойын алаңын, көшедегі аялдаманы қиратудың қандай қисыны бар? Мұның бәрі – барып тұрған тәртіпсіздік, мәдениетсіздік. Өркениетті елдің әрбір азаматы қоғам мүлкін өз мүлкіндей қорғауы керек. Дүниежүзінде, нақты айтқанда, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Қытайда, Сингапурда жағымды мысалдар көп, осы елдер көпке үлгі болып отыр. Ал, біз неге олардан кем болуымыз керек?», – деген болатын Президент Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде.
Иә, шынында да ұлы Абай айтпақшы, мақтанғанда алдына жан салмайтын, өзін өзге ұлттан артық көретін, аяғында мақтаннан басқа түгі жоқтардың ойланатын кезі келді. Жоғарыда айтқанымыздай мәдениеттің бастауы, адамгершіліктің негізі – ұят пен арда жатыр. Біздің халқымыздың да бұл жөнінен ұятқа қалатын жері жоқ еді. Алайда, соңғы кездері отбасылық құндылықтардан ажырауымыз тәрбиемізге теріс әсер беруде. Маған Қазақстанның Еңбек Ері, өнер зерттеушісі, мәдениеттанушы Ілия Жақанов аға мынандай бір әңгіме айтты. 1961 жылы Алматы қаласынан Сарысу ауданындағы Ақтоғай ауылына бармақшы болып, сол кездегі Шолақтау поселкесінен көлікке мінеді. Кабинада үш адам. Қыс мезгілі, күн суық. Көктал өзеніне жете бере кабинада отырған шофердің көмекшісі жеп отырған бөлке нанды терезеден сыртқа лақтырып жібереді. Оған ашуланған щофер әлгінің жағасынан ала түсіп: «Ей ит, нанды лақтырғаның не, ұят емес пе, обал емес пе?» дейді ашуланып. Әлгі ұяла қоймайды. Оның арсыздығынан шошынған шофер: «Ей жігітім, барып нанды әкел» деп Ілияны жұмсайды. «Кабинадан домалап түскен мен жүгіріп барып нанды әкелдім», дейді Ілия аға. Осы оқиғадан кейін Алматыға барған соң республикалық газетке «Бір үзім нан» деген әңгіме жазады. «Жазуыма себеп, әлгі жақсы кісінің әрекеті ғана емес, біздің ата-бабаларымыздың 1928- 1933 жылдары өкіметтің әдейілеп ұйымдастырған қанқұйлы әрекетінен Арқадан Оңтүстік өңірге қыстың көзі қырауда көшіріліп, бір үзім нанға зар болып, қырылғаны есіме түскен еді. Сол жылдары қазақтың үштен екісі қырылып, Ұлы дала үсті адамдардың мәйітіне айналғанын әке-шешеміз көздеріне жас алып, қайғырып айтушы еді. Кеңес үкіметі сол зұлмат туралы бертінге дейін айтуға тыйым салды емес пе?».
Ілия ағамның айтып отырғаны рас. Менің ұлы бабаларым да ашаршылық жайлы аузын ашпай кетті. Айтуға қорықты.
Енді міне, тойынғандық па, иә болмаса, надандық па, нені болса да бүлдіруге бейім тұрамыз. Несін айтасың, ана бір жылдары арсыздар, қабірхана лардың қоршауларын т а лқандап, плит а ларын т асып, масқара болды. Оны әупірімдеп жүріп әрең тыйғандай болдық. Оны айтасыз, қала көшелеріндегі жылу, ауыз су құбырлары жүретін жол бойындағы темір қақпақтарды ұрлап, тиынға сататын ұятсыздар шықты. Қала болып, құқық қорғау органдары бар, ардагерлеріміз темір қабылдайтындармен жеке-жеке әңгіме жүргізіп, оны да тыйғандай едік. Сонда темір қалдығын қабылдайтындардың есіктерінің алдында пайдаланбаған небір қымбат металл заттарын көрдік. Жағамызды ұстадық. Ұялып тұрған, ұялғанынан жерге кіргелі тұрған металл қабылдаушыларды көргеніміз жоқ. Өйткені, бұл сұмдықты тыятын заң әлсіз.
Осы кеселдерді көріп тұрып, біліп тұрып «қой, ұят болады» деуге жарамаймыз. Бірде мынадай оқиға болды. Кешке серуендейтін әдетіммен орталық алаңға шықтым. Сол маңайдағы мекеменің қоршауын бір мықты дәнекерлеуші дәнекерлеудің орнына ке сіп алып жатыр. Бір кесіндісін әкеліп мәшинесінің жүк салғышына салды. Қарап тұрмын, екіншісін кесуде. Мекеменің күзетшісі сияқты. Полиция уәкілін шақырғым келді. Оны шақырсам, қылмыстық іс қозғайтыны анық. Ойлана келе, мекеме басшысына телефон соқтым. Көп ұзамай ұрлықтың мән-жайына қанықтым. Біреудің тапсырмасымен күзетші қоршауды үптеп жатқан болып шықты. Айқайдан кейін, ұрлықтың жолын осылай кестік. Сол маңайда балалардың ойын қалашығы бар. Бір кездері 60 миллион теңгеге жаңартылғанын білемін. Әдемі шахмат тақтасы жасалынған орын бар еді. Тақта да талқандалып, орындықтары қолды болып кетті. Енді бірде келе жатсам, жазғы кинотеатрдың ағаштан жасалған орындығының бір талын бозба ла жұлып а лға лы жатыр. Жанында тұрған достары «қой» деуге жарамайды. Қайта айыздары қанып, рахаттануда. Шыдамсыз қу мінезіме салып айқайладым. Әлгі бозбала тұра қашты. Оның кім екенін достарынан сұрастырсам, колледжде оқитын білімгердің біреуі екен. Әкесінің де атын айтты. Әкесін тауып, ұялтқым да келді. Бірақ, өйтпедім. Егер жақсы әке болса, баласы бұзық болмас еді ғой. «Онда тұрған не бар десе, не деймін» деп тағы ойландым.
Осыдан барып біз неге сондаймыз деген ойға қалдым. Ғалымдар вандализм үрейден қаттылықтан, қозудан, агрессиядан туады деп дәлелдейді. Бір сөзбен айтқанда, онтогенді, яғни дұрыс емес тәрбие көзі, гипер немесе гипо бәйектеу баланы, жағымсыз орта болса, биогенді түрде ол шығу тегі (ішімдікке әуестік, психопатия, психикалық ауытқулары агрессивті түрде) арқылы генетикалық тұрғыда ұшырайды. Алғашқы әрекет немесе айқын агрессивті әрекеттің алдын алу психиканы тұрақтандыру және қорғанудың ең тиімді жолы. Оны дер кезінде байқап, ескерту бермесек, адам қатыгезденіп, аялдаманы қирататын, жедел жәрдем жүргізушісін ұратын, дөрекі сөйлейтін, ортақ меншіктің маңыздылығын түсінбейтін, адамдарды сыйламайтын ұрпақ пайда болады. Айналып келгенде, мәдениеттілігіміздің төмендігі, тәрбиенің жоқтығы агре ссияға бастайды. Жоғарыда айтқанымыздай, Жапонияда оқушыларды ұлттық тәрбиемен сусындатып, қоғамдық орындарды құрметтеуге үйретеді екен. Мектептерде тазалық сабақтары енгізілген. Мектеп оқушылары сыныптары мен мектеп аумағын өздері жинап, тазалайды. Ал, Сингапурде тәртіп пен тазалықты сақтаудың қатаң ережесі енгізілген. Егер қоқыс тастасаңыз, бүлдірсеңіз, бұзақылық және қоғамға қарсы теріс әрекеттер жасасаңыз, қатаң заңдар мен айыппұлдар бар. Біздің елімізде бұл шаралар енді қолға алынуда. Мүмкін кеш те болса дұрыс шығар.
Атамыз қазақ айтпақшы, бәрінің бастауы тәрбиеде жатыр. «Тәрбие –тал бесіктен» басталады. Ата-ана адал, еңбекқор, ұлтын сүйетін болса ұл- қызы да солай тәрбиеленеді. Ендеше, әр қайсысымыз өзгеруді өзімізден бастайық.
Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ,
аудандық билер кеңесінің төрағасы.
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді