Жоба талаптарына сәйкес бөлінген қаражаттың 50 пайызы мал сатып алуға, қалған 50 пайызы кооперативтерге және азаматтардың жеке кәсіп ашуына бағытталатын болады.
Атап айтқанда, мал шаруашылығы бағытына 5,2 миллиард теңгеге 911 өтінім не сиелендіріледі. Өсімдік шаруашылығын жүргізу үшін 5,3 миллиард теңгеге 289 өтінімді, жеке кәсіп ашу бойынша 1031,0 миллиард теңгеге 116 өтінімді қаржыландыру жоспарланған.
Айта кетейік, өткен жылы өңірде «Ауыл аманаты» жобасына 24 миллиард теңге қаржы қарастырылып, толығымен игерілді. Нәтижесінде 4 073 өтінімге несие қаражаты беріліп, 4 350 жаңа жұмыс орны ашылды.
Егін шаруашылығы бағытында 5 жеке кәсіпкерге жылыжай құрылысына 33,7 миллион теңге қаражат берілді. Мал шаруашылығы бойынша 4 007 жеке кәсіпкерге 23,5 миллиард теңге несие қаражаты қарастырылып, 180 мың бас мал сатып алынды.
Ауылдық округтерде 33 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, жергілікті бюджеттен бөлінген 1 миллиард теңгеге 64 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Осы бағытқа биылғы жылы қосымша 600 миллион теңге бөлінді. 137 тіркемелі техника сатып алу жоспарланған.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативтері ауыл сыртындағы егістіктерге жұмыс жүргізу үшін 341,0 миллион теңгеге айналым қаражаты беріліп, жұмыстар жүргізілуде.
Азаматтардың жеке кәсіптерін ашу бойынша 36 өтінім түсіп, 240,2 миллион теңге қаражат қаралды. Атап айтқанда, 1 құс өсіру бағытына, 5 гидропоника құрылғысын орнатуға және 196,5 миллион теңгеге тігін цехын, наубайхана, асхана ашу, тағы басқа бағыттарға берілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді