Ата-ана мәдениетін қалыптастыру жолында еңбек етіп жүрген «Сенімен Болашақ» бірлестігінің облыстық филиал директоры Дәурен Бағжановтың айтуынша, кемел келешек үшін қажетті жұмыстарды жүргізуде әр өңірде бірлестіктің 16 филиалы жұмыс істейді. Әрқайсысының жанында қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен ардагерлерден құралған 250-ге жуық сарапшылар бар. Ал, медианың ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесін сараптап, осы мәселеге қоғамның назарын аударту – «Сенімен Болашақ» бірлестігінің маңызды мақсаттарының бірі.
«Жаңа медиа коммуникациясының ұрпақ тәрбиесіне әсері» тақырыбында баяндама жасаған «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Данияр Асқарұлы ақпараттың пайдалы жағын алу жолдарын сөз етті.
– Дүние дүбірін өткен дәуірдегідей дүрбіден емес, сүйкей салатын смартфоннан оқып, білу – үйдегі тәрбиелеп отырған ұл-қызымызға айтарлықтай жаңалық емес. Ал, біздің орта буын дәстүрлі БАҚ пен жаңа медианың трансформациясын, яғни жаңа жүйеге көшу үдерісін іс жүзінде көрді. Осы ретте әлеуметтік медианың қоғамдағы рөлі, оның ішінде ұрпақ тәрбиесіне ықпалы күн санап артып келеді. Бесіктегі баладан, егде жастағы қарияға дейін замана көшінен қалыс қалмай, интернеттің иірімінен шықпайтынын көп байқаймыз. Енді мұның барлығын ескере келе, отбасы институтын қалыптастыруда және бала тәрбиесін жолға қоюдағы бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа мүмкіндіктеріне кеңірек тоқталсақ. Цифрлық технологиялардың қарыштап дамуы мол мүмкіндіктермен қатар, зиянды әрекеттер мен қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бастау алуына түрткі болуда. Мәселен, бүгінде ел аумағында 9 миллионнан астам азамат ғаламторды үздіксіз пайдаланады десек, оның ішінде жастардың 80 пайызы экстремистік ұйымдарға дәл осы интернет желісі арқылы шырмалады. Сол арқылы ұлттық құндылықтың дәстүрлі қайнар көздері саналатын кітап пен газет-журналдар жастар арасында соңғы орынға ысырылып бара жатқанын мойындауымыз қажет. Осы олқылықтардың алдын алып, кемшін тұстарымыздың кетігін түзеу мақсатында жаңа медианы дәстүрлі құндылықпен байланыстырудың маңызы зор. Мәселен, осы тұста жастар арасында әлеуметтік желі қолданушыларынан кең көлемде қолдау тауып отырған қазақ тіліндегі комикстерді атап өтуімізге болады. Соңғы уақыттарда осы әдеби құрал әлеуметтік желі форматына ыңғайластырылып, «Tiktok», «Instagram» әлеуметтік желілерінде жас жеткіншектер арасында үлкен сұранысқа ие болып келеді. Мысал ретінде елімізде алғаш болып осы бағытта жұмыстарды қолға алған «Qazcomics» жобасын айтуымызға болады. Негізінен қазақ ертегілерінің желісі бойынша иллюстрация жұмыстарын жүзеге асыратын жоба бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтың дәнін себуді көздейді. Бастама аясында қазақ әдебиетінің ең көне ертегілерінің бірі саналатын «Ер Төстік» сұраныс бойынша көш бастаған. Осыған қарап-ақ, смартфон арқылы 15 секундтық видеолар көріп жүрген бүлдіршіндерге комикстердің пайдасын білуге болады. Сондықтан, алдағы уақытта әлемнің озық елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, ақпараттық- танымдық бағытта хабар таратуға көшу керек. Бұл өз кезегінде жасөспірімдердің цифрлық ақпарат құра лдарын оң бағытт а кәдеге жаратуына түрткі болар еді. Сондай-ақ, қазақ телекоммуникациясының соңғы жылдардағы бала тәрбиесіндегі оң жетістігі – отандық дубляж саласының дамуы екендігі даусыз. Бұл бағытта республикалық телеарналардағы шетелдік анимациялық туындылар мен «Balapan» балалар арнасындағы ұлттық жобалар сәтті жүзеге асты. Мұнда тіпті, тілі енді шыққан бүлдіршіндердің телеарналар арқылы мемлекеттік гимнді жаттап, жүрек тұсына қолдарын қойып, дауыстап әндетіп жатқаны көңілге жылу сыйлайды. Демек, осы тәжірибені өңірлік деңгейде де одан әрі дамыту аса маңызды.Тек бұл бағытта бүлдіршіндердің қызығушылығын баса назарға алу қажет. Бүгінде 6 жасқа дейінгі балалардың шетелдік «Синий трактор», «Baby Shark» сынды мультимедиалық туындылардан бас алмайтындығын аңғарамыз. Осы сипаттағы туындыларды ана тілімізге тәржімалап, арнайы сайттық қосымша әзірлеуге болады. Бұл жас ерекшелігіне қарай синтезделген ақпараттық материалдарды топтастырып, бүлдіршіндерді өзге бағыттағы зиянды ақпараттардан сақтауға жол ашады. Сол арқылы қоғамдағы өзекті мәселеге айналған кибербуллинг пен лудомания сынды зиянды әрекеттер көрсеткішін біршама деңгейге төмендетуге ықпал етері сөзсіз, – деді Данияр Асқарұлы.
Сонымен қатар, балаға әуелі жауапты ата-аналар балаларының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін смартфон арқылы «Ата-ана бақылауы» функциясын іске қосу мүмкіндігін білмейтінін де атап өткен «Aulieata- Media» басшысы азаматт ардың ақпараттық-функционалдық сауаттылығын арттыруға қажетті ұсыныстарын жеткізді. Тиісті мамандармен бірлесіп, қысқа форматты арнайы телевизиялық бағдарламалар мен жобалар, әлеуметтік желі арқылы танымдық айдарлар жүргізу ісін қолға алуға мүмкіндік те жоқ емес. Мұнда ақпараттық алаяқтардан сақтануға арналған түрлі әдіс-тәсілдер мен қосымшалар таныстырылып, оларды пайдалану жолдарын қарастыруға да болар еді.
Облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының облыс бойынша өкілі Хамит Есаман әркім мол ақпараттан пайдалысын таңдау керегіне тоқталды. Әр жастағы ұрпаққа лайықты танымдық контенттерді өз тілімізде көбейтудің ұтымдылығы айтылды. Облыстық «Jambyl» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева мен «Тараз-24» телеарнасының директоры Зарина Қуатова балалар мен жастарға жақсы ой с а лып, ізденуге шақыратын бағдарламаларға көңіл бөлді. Егер студенттер арасында көпшілікке пайда лы, тәрбиеге оң ықпа лын тигізетін ақпараттық бейнероликтерді түсіретіндер болса, телеарна бірлесіп жұмыс істеуге де дайын екені айтылды. Облыстық «Ардагерлер кеңе сі» жанындағы аналар алқасы төрайымының орынбасары Нұргүл Оспанбекова мен «Сенімен Болашақ» бірлестігі облыстық филиалының сарапшысы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Аналар кеңесінің» төрайымы Ардақ Жантаева да өз пікірлерін ортаға салды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді