Көңіл көншітпейтін көрсеткіш көп

Көңіл көншітпейтін көрсеткіш көп
ашық дереккөз
Көңіл көншітпейтін көрсеткіш көп
Өңірімізде биылғы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысына сәйкес, өнеркәсіп өнімінің көлемі 9,7 және сауда 2,6 пайызға төмендеген. Ал, өзге сала­ларда оң динамика қалыптасқан. Облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген мәжілісте облыс әкімі Ербол Қарашөкеев о сылай деді. Басқо суға Тараз қаласы мен аудан әкімдері, аумақтық басқарма басшылары және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Жиында ең әуелі облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева баяндама жасады. Ол өз сөзінде есепті кезеңде ауыл шаруашылығы, құрылыс, байланыс және көлік саласында өсім байқалғанын ат ап өтті. Нәтиже сінде инвестиция көлемі 24,4, тұрғын үй 2,8 пайызға артқан. – Жыл басынан бері аймақта инфляция деңгейі 102,4 пайызды құрады. Жалпы, облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа төмен. Ал, өнеркәсіп саласында 193,1 миллиард теңгеге өнім өндірілді. Атап өтерлігі, сала ішінде металл кендері өндірісінің 43,2 пайызға өсуі есебінен кен өндіру өнеркәсібінде өнім көлемі 25,1 миллиард теңгеге артты. Сумен жабдықтау саласында жұмыстар мен қызметтер көлемі 5,1 пайызға өсім байқалуда. Десе де, химия, металлургия, тамақ өнімдерін өндіру және мұнай-химия салаларында өнеркәсіптегі өңдеуші сектордың үлесі есепті кезеңде 19 пайызға қысқарды, – деген Сандуғаш Ермаханқызы бірқатар салаларда төмен көрсеткіштер көрсеткен аудандарға арнайы тоқталды. Айтуынша, Тараз қаласы мен Меркі, Жамбыл, Сарысу, Шу және Байзақ аудандарында өңдеу өнеркәсібінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмендеген. Ал, электрмен жабдықтау Жуалы, Сарысу, Байзақ, Шу және Қордай аудандарында бәсеңдегені байқалады. Сондай-ақ, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі мен Мойынқұм аудандарында көңіл көншітерлік емес. Бұдан бөлек, құрылыс жұмыстарының көлемі Жуалы мен Мойынқұм, бөлшек сауда Меркі және Жамбыл аудандарында кеми түскені анықталған. Облыстың тиісті министрліктермен бірге қол жеткізген макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы өңірлік өнім құрылымындағы үлесі өте жоғары екенін айтқан аталған басқарма басшысы жыл қорытындысымен жоспар республикалық көрсеткіш көлемінде орындалмау қаупі бар екенін жеткізді. Өз кезегінде биыл республика бойынша экономикалық өсім меже сі 106 пайызға белгіленгенін баса айтқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жоспардың орындалуы ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс салаларында оң көрсеткіштерге тікелей байланысты екенін жеткізді. Аймақ басшысы өнеркәсіп көлемі 55, өңдеу өнеркәсібі 48,5 пайызды құрап, ең төменгі көрсеткіш деңгейінде қалыптасқан Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубековтің жұмысын сынға алды. Сәйкесінше, тиісті аудан әкімі «Меркі қант зауытының» өнімділігі төмендеу себебінен өнеркәсіп көлемі кеміген деп ақталды. Аудан әкімінің сөзінше, өткен жылы 1,4, биыл 1,8 миллион теңге көлемінде өнім өндіріліп, 21,5 пайызға өсім байқалған. Десе де, оның бұл жауабына өңір басшысы қанағаттанбай, ауданға тартылған инвестиция көлемі көңіл көншітпейтінін қадап айтты. – Бүгінгі таңда Меркі ауданында инвестиция көлемі 88,5, оның ішінде, жеке инвестиция 79,3 пайызға қалыптасып отыр. Ал, бөлшек сауда 98,8 пайыз деңгейінде. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында да төмен динамика байқалады. Мұны қалай түсіндіресіз? Жуырда ғана аудан әкімі әріптестерінің арасынан алғашқы болып Қытай Халық Республикасына іссапармен барып қайтты. Бірақ, оның нәтижесі қандай? Шетелдік инвесторлармен қандай келісімдерге қол жеткізілді? Әзірге инвесторларды тарту жөнінде аудан басшысының тарапынан жағымды жаңалықты естіген жоқпыз. Жергілікті басшылар шетелдің инвесторларымен кездескенде кем дегенде 5-6 келісімшартқа қол жеткізуі тиіс. Жалпы, аудан әкімдері инвестиция тартуға аса мән беруі керек. Әсіресе, бұл істе шалғайдағы аудан әкімдері белсенділік танытуы қажет, – деген Ербол Қарашөкеев бірқатар аудан әкімдерінен жеке-жеке жауаптар алды. Бұдан кейін, күн тәртібіндегі екінші мәселе – 2024 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарының облыс бойынша жобасы жөнінде облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев пен облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың есебі тыңдалды. Ал, мамыр айында өтетін мерекелік іс-шараларды өткізу барысы туралы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова кеңінен баяндады. Жиын соңында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев аудан әкімдері мен басқарма басшылары өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеуі қажеттігін қатаң ескертті.  

Есен ӨТЕУЛІ

Ұқсас жаңалықтар