Ұлт келешегінің кепілі
Кемел келешегін ойлаған ұлт ұрпағының тәрбиесіне баса мән береді. Сол арқылы болашағының бекем болуын қамтамасыз етіп, ертеңіне сеніммен қарайды. Ал, бала бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтар отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада түзіледі. Қай ұлтта болсын бала тәрбиесінде ата-ана рөлі бірінші орынға шығатыны белгілі. «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, халқымыз ежелден бала тәрбиесіне көңіл бөліп, баланың болмысынан бекзат, тумысынан текті болуына баса мән берген. Ата-ана өз баласын тәрбиелеуде біреуге тәуелді болмауға, өз бетінше күн көруге, мақсатты түрде өмір сүруге бағыттап тәрбиелейді. Бұл игілікті іс, тіпті, баланың ана құрсағында жатқан кезден бастап жүргізілуі қажет. Одан баланың дүниеге келуі, қаз-қаз басып жүруі, өсуі, өнуі, ата- бабасының өміріндегі еңбек және қоғамдық іс-әрекеттердің сан жылдардан бергі тәжірибесінен өнеге алуы, оны құрметтеуі, қоршаған ортасын танып, онымен қарым-қатынас жасауға өз бетінше дағдылануы, жақсысынан үйренуі, жаманынан жиренуі ескеріліп отырады. Мұны данышпан Абай он тоғызыншы қарасөзінде «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», деген сөзі мысал бола алады.
Бұдан кейін баланың мектеп қабырғасындағы өмірі аса маңызға ие. Өйткені, мектеп жасындағы балалар уақытының көп бөлігін мектепте өткізеді. Бұл жастағы балаға мектеп ұстаздары, өзінен үлкен ер азаматтар үлгі болады, қажетті мінез-құлық формасын көрсетеді. Сәйкесінше, жас жеткіншіктер отбасы–мектеп–оқушы үштік байланысын орнатып, өзіндік бітім-болмысын қалыптастырады. Ал, студенттік кезеңде тұлға ретінде дамушылықтың алғышарты мен жеке ой қалыптастыру арқылы жауапкершілікті кеңінен сезінетін азамат ретінде жетіледі.
Фатима ШАИХОВА,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің химиялық технология бөлімінің меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді