- Advertisement -

Ербол Қарашөкеев облыстық мәслихаттың сессиясына қатысты

23

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясына қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Жолдасбеков өткен жылдың қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

2023 жылы 4-17 жас аралығындағы 8 100 бала мен жасөспірімге спорттық секцияларда тегін негізде 19 спорт түрімен айналысуға жолдама берілген. Ағымдағы жылы 8 мыңнан астам балаға жолдама беру жоспарланып отыр.

Басқармаға қарасты 53 спорт мекемесінде 29 862 спортшымен тұрақты түрде 1 122 жаттықтырушы жұмыс жүргізуде.

Бүгінде 805 жамбылдық спортшы түрлі деңгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болып отыр.

Облыс споршылары 2023 жылы түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда 1 655 медальға ие болды. Оның ішінде: 623 алтын, 480 күміс, 552 қола медаль.

Өңірде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 492 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 40,2 пайызына жетті.

2023 жылы 23 спорт нысанының құрылысы жүріп, 10 спорт нысаны қолданысқа берілді, қалған 13 спорт кешенінің құрылысы биыл аяқталады.

Сонымен қатар, облыс бойынша 71 спорт алаңшасы пайдалануға тапсырылған.

Ағымдағы жылы Талас және Жуалы аудандарында 2 спорт кешенінің құрылысы басталады.

Сондай-ақ, сессияда денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Лаура Отарбай азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерде емделуі үшін тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету бойынша бюджеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндады. Өткен жылы 1025 науқастың жалпы 40 459,6 мың теңгеге жол ақылары төленген.

Сессияда басқа да мәселелер талқыланды.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков және басқарма басшылары депутаттардың түрлі сауалдарына жауап берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support