- Advertisement -

Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 килограмнан астам есірткі жібермек болған

26

- Advertisement -

Жамбылдық полицейлер есірткіні заңсыз өткізудің тағы бір дерегінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шу ауданында есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді. Полиция 35 жастағы күдікті – жергілікті тұрғынды ұстады,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жол ауылында өткен тінту шаралары барысында ер адамның шаруашылық құрылысында «кептірілген марихуана» және «гашиш» есірткі заттары бар 15 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Жедел мәліметтер бойынша күдікті жабайы қарасораны Астана қаласында сатуды жоспарлаған.

— Қызметкерлеріміздің бірқатар уақыт күдіктінің ізіне түсіп, кәсіби әрекет етулерінің нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымының тағы бір фактісі жойылды. Барлығы 29 келі 677 гр кептірілген марихуана және 3 келі 76 гр гашиш тәркіленді. Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны үшін ұсталған адамға қатысты мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, — деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support