IT мамандарына сұраныс жоғары
Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен ІІІ Ұлттық құрылтайда еліміздің келешегі үшін ІТ саласын дамытудың маңызы туралы атап өтті. Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы жоғары оқу орындарында бұл сала бойынша мамандар даярлау үрдісі қарқынды жүріп жатыр. ІТ мамандарына деген сұранысты қанағаттандыру бағытында өңірде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты өте белсенді. Оқу орнының қабырғасында 2008 жылдан бері «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасы жұмыс істейді.
Факультет заманауи ғылыми-техникалық базаға ие. Зертханаларда заманауи компьютерлік техника, 3D принтерлер, UV-принтер, лазерлік- нақыштау құрылғысы, робототехника, VR құралдары бар. Студенттер бағдарламалық оқытумен қатар, аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды практикалық тұрғыдан үйренуде. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуын ескере отырып, зертханалық база жыл сайын толықтырылып, жетілдірілуде. Ақпаратты өңдеудің бағдарламалық-аппараттық кешендері (3D принтер, UV-принтер, лазерлік-нақыштау құрылғысы) арқылы заманауи бағдарламалау технологиялары мен жұмыс дағдыларын меңгерген IT- технологиялар және полиграфия саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында 2022 жылы «Computer science» тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламасы ашылды. Бұл білім беру бағдарламасы қос дипломды бағдарлама болып табылады. Ч.Храбрый атындағы Варна Еркін университетімен (Болгария) бірлесіп әзірленген, бағдарлама түлектеріне Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ дипломы және Варна Еркін университетінің дипломы беріледі.
Студенттердің кәсіби дағдылары мен құзыреттерін дамыту үшін институтта ІТ Академия ашылды. Мақсаты – қазіргі заманғы бизнес және жұмыс берушілерге ең өзекті, талап етілетін білім ұсыну. IT академияда әр түрлі ҰБТ-ға дайындық (информатика), робототехника, графикалық дизайн, компьютерлік модельдеу (3D printing, UV Printing, лазерлік құрылғыда жұмыс істеу) сынды түрлі курстар өтеді. Әртүрлі әлеуметтік желілердегі виртуалды коммуникациялар, бейнероликтерді монтаждау, SMM skills және тағы да басқа шеберлік сыныптары ұйымдастырылып тұрады. Бір жақсысы, IT Академия курстарына қаланың колледж студенттері және мектеп оқушылары да қатыса алады.
– Биылғы оқу жылында институтта Дрон Академиясы ашылды. Оның мақсаты – ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану тиімділігін арттыру бойынша зерттеулер жүргізу және экономиканың әртүрлі салаларында оларды пайдалану бойынша кәсіби дағдыларын дамыту. Қазіргі таңда дрондар адамдар үшін кәсіби және пайдалы көмекшіге айналған. Өрт сөндіруші дрондар, құтқарушы дрондар, доктор дрондар адамдардың күшін, қаржысын және уақытын үнемдеуге көмектеседі. Бұл туралы мектеп оқушылары мен студенттер дрон академиясының курстарында танып, біледі. Сонымен қатар, олар ұшқышсыз ұшу техникасын басқаруды үйренеді, дрондарды бағдарламалау және пайдалану дағдыларын меңгереді, – дейді аталған кафедраның меңгерушісі Марал Оңғарбаева.
2022 жылы институт Huawei ІСТ Академиясымен және Cisco желілік Академиясымен серіктес атанып, студенттер осы әлемдік компанияларда АКТ саласында оқыту мен сертификаттаудан өтуге мүмкіндік алды. Бүгінгі күні 50-ге жуық студент Cisco Академиясында «Programming Essentialsin Python», «Сybersecurite», «Internet of Things» курстарынан өтіп, халықаралық сертификатқа ие болды. Студенттер жыл сайын стартап-жобалар конкурстарына, олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға қатысады. Жуырда институт студенттері Астана қаласы Назарбаев университетінде робототехника бойынша «ROBOTEX KAZAKHSTAN – 2024» республикалық турниріне қатысып, 240 команданың арасында І орынды иеленіп, «ROBOTEX TURKIYE – 2024» атты Түркияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. ІТ академия Жамбыл Hub-пен бірлесіп IT саласының және кәсіпкерлік сарапшылардың қатысуымен Meetup, PitchDay, Speaddating, Speakertalks, Workshop сынды шаралармен қатар, кәсіптік бағдар беру бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Соңғы жылдары Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ Өңірлік «IT II HACKATHON» ІТ жобалар байқауын тұрақты өткізіп келеді. Оған мектеп оқушылары, колледждер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.
– Институтта «Жасанды интеллект» зертханасын ашу жоспарланып отыр. Онда жасанды интеллект технологияларын игеруге қатысты зерттеулер жүргізіледі. Мысалы, біздің өңірдің ауыл шаруашылығы саласында, су саласында жасанды интеллектті адам игілігі үшін қолдану жағдайларын зерттейміз. Жалпы, адамзат өз тәжірибесінде неше түрлі трансформация кезеңдерінен өтті. Бүгінгі күні ол кезең жасанды интеллектке байланысты. Сондықтан осы мәселе – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Мұны күні кеше Президентіміз де үшінші құрылтайда ерекше атап өтті. Біз осы бағыттағы жұмыстарымызды тек жандандыра беруге ұмтыламыз, – дейді кафедра меңгерушісі Марал Бүркітбайқызы.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді