Басты жаңалық
«Амал» мерекесі немесе «Көрісу күні» неге 14 наурызда тойланады?
- author «Ақ жол»
- 14 наурыз, 2024
- 1.0k
«Амал» мерекесі немесе «Көрісу күні» неге 14 наурызда тойланады?
Бүгін елімізде, яғни 14 наурыз - бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Амал мерекесі. Бұл күнді «Көрісу күні» деп те атайды. Әсіресе батыс өңірде сақталған дәстүрді ендігі республикамыздың барлық аймағында тойлайтын болады. Өйткені елімізде Ұлыс мерекесін жаңа форматта тойлау үшін 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі деп жарияланды.
Бұл дәстүрдің тарихына үңілетін болсақ, ертеректе көшпенді өмір сүрген ата-бабаларымыздың қыс айларында бір-бірімен көрісе алмай, көктем шығып, күн жылына бастағанда сағынысып, амандық-саулық сұрасуы дәстүр ретінде сақталып қалса керек.
Ал, «Амал мерекесі» деп айтылу тарихында да ешқандай өзгешелік жоқ. Шығыс күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. Мұндағы амал сөзі ескіше парсы тілінің хамал сөзінен алынған. Наурыз айын парсыша «Хамал» айы деп атауы себепті, «Амал мерекесі» аталып кеткен. Яғни, «Амал мерекесі» мен «Наурыз мерекесі» дегеннің ешқандай айырмасы жоқ.
14 наурыз қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп жатады. Кәде-сыйлары да міндетті түрде бір-бірінің көңілдерін аулап, жаңа жылдың келуіне орай қуаныш сыйлайды.
Амал күні неге дәл 14 наурызда тойланады? Бұл сұраққа kaz.inform.kz сайтында маңғыстаулық өлкетанушы Алқажан Еділханның берген жауабы қисынды сияқты.
«Жалпы Амал мерекесін кезіндегі ел көсемдері қазақ жазирасында бытырай қоныстанған халықтың ынтымағын сетінетпей, бірлігін мызғытпай ұстап түру үшін айналымға енгізсе керек. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің амандығын біліп, бір-біріне қарайласып тұру үшін көрісу ғұрпы пайда болған. Осы істің басындағы тұлғалар көрісетін күн қай мезгіл болу керек деген мәселеге келгенде көктемнің басы, жер-әлем қайта түлеген шақ болу керек деп шешкенге ұқсайды. Ескіше жыл санауда көктемнің басы ай жаңарған кезге сәйкес келеді. Кейін Ресей патшалығының қарамағында болған кезде Грегориан күнтізбесін қабылдадық. Ол күнтізбе бойынша көктем туып, ай жаңаратын күн 14 наурызға дөп келді. Амал мерекесінің қазір 14 наурызда тойланатыны содан», - дейді этнограф.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді