«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сала мамандары біліктіліктерін арттырды

Сала мамандары біліктіліктерін арттырды
ашық дереккөз
Сала мамандары біліктіліктерін арттырды
Автомобиль жолдары – экономиканың күретамыры. Сондықтан республикалық маңызы бар жолдар мен аймақтардағы жол сапасын қадағалауда ұстап, олардың күтіміне жауапкершілікпен қарау керектігі айтпаса да түсінікті. Осы бағытта Жол активтері ұлттық сапа орталығы облыстық филиалы қызметкерлерінің қатысуымен сала мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған семинар өтті. Оған қатысушылар өңірдегі автожолдардың жай-күйі мен құрылыс жұмыстарын сапалы жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты. Жолдарды салу мен оларды қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау құзіретіне кіретін орталық автожолдардың сапасын сараптауды жүзеге асырады. Бұрын аймақтық зертханалар республикалық жолдардың сапасын тексеріп, оның кемшіліктерімен күрессе, бүгінде орталық барлық жалпыға ортақ жолдарды, соның ішінде жергілікті жолдарды тұтас қамтиды. Жалпы, орталықтың облыстық филиалы өткен айда бірқатар кемшіліктердің алдын алып, оң көрсеткіштерге қол жеткізген.
– Кәсіпорынның негізгі қызмет түрлерінің бірі – жұмыс және материалдардың сапасын сараптау. Ақпан айында филиал мамандарымен 36 нысанға 54 инспекциялық тексеру жұмыстары жасалды. Нәтижесінде 67 сынама үлгісі алынып, оның ішінде 37-сінің талапқа сәйкес келмейтіндігі анықталды. Сондай-ақ, зерделеу жұмыстары кезінде жалпы 33 ақау орын алғаны белгілі болды. Оның барлығы республикалық жолдардағы жол бетіндегі шұңқырлар, темiр қоршаулардың зақымдануы, қысқы жол күтімі ақаулары, жол жиегіндегі қар жамылғысы және қар тазалау бойынша олқылықтар, – дейді Жол активтері сапасын бақылау орталығы облыс бойынша филиалының бас маманы Мадияр Мырзабеков.
Барлық анықталған ақауларды жою бойынша орталық тапсырыс беруші мен мердігер ұйымына арнайы хаттар жіберіп, кемшіліктердің алдын алу бойынша жұмыстарды бастап кеткен. Сондай-ақ, жиында автомобиль жолдарына диагностика жүргізу жайы айтылды. Мамандардың айтуынша, автомобиль жолдарын диагностикалауды жүзеге асыру шеңберінде жолдардың көліктік-пайдалану жағдайы туралы мәліметтер базасын қалыптастырып, жаңарту сатысында пайдалануға жарамдылық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Биыл жолдардың талапқа сәйкес келетіндігін анықтау үшін республикалық жолдарда 637 шақырымға диагностика жоспарлануда. Бұдан бөлек, елімізде автомобиль жолдарын паспорттауға, диагностикалауға, ведомствалық сараптама жүргізуге басымдық берілуде. Ұлттық орталықтың жол инфрақұрылымы қауіпсіздігіне жауапты мамандары өткен жылы салада орын алған ақаулықтардың биыл қайталанбауын ескертіп, шараға қатысушыларды бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Семинар барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ауыл-аймақ жолдарына қатысты түйткілді мәселелерді ортаға салды.

Ұқсас жаңалықтар