Көктем

Көктем
ашық дереккөз
Көктем
Күн жылына бастады, көктем келді, Ұнатамын бетімнен өпкен желді. Шартылдайды найзағай көк аспанда, Салып жатыр қып-қызыл отпен белгі. Күн жылына бастады, жаңбыр жауды, Бұлттар баса бастады, Алатауды, Күн ашылса әжемнің ақ бұзауды, Қырға апарып бағуға көңілі ауды. Күн жылына бастады дала гүлдеп, Ақыл айтты «Қозыңды баға біл», – деп. Қуанады Қожан да: «Атаға еріп Қой айдасып келуге жарадым», – деп. Күн жылына бастады құстың бәрі, Ұшып келді «кетті деп қыстың қары». Жауып өткен жаңбырдан шығар бәлкім Бақтың іші түн бойы тырсылдады.  

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ

Ұқсас жаңалықтар