«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сертификатталмаған өнімдерге тыйым салынады

Сертификатталмаған өнімдерге тыйым салынады
ашық дереккөз
Сертификатталмаған өнімдерге тыйым салынады
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс бойынша Экономикалық тергептексеру департаментінің қызметкерлері Жағыпар Исатаев пен Шерхан Пірімқұл Бақ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді. Спикерлер «Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес» тақырыбында баяндама жасап, көлеңкелі экономикаға құрамдас акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қатысты мәліметтерге тоқталды. – Сертификатталмаған өнімдердің көлеңкелі айналымы бойынша акциздер төленбейді, тауарлардың стандарттарға сәйкестігі тексерілмейді, жерасты өнімдерінің заңсыз шығуына байланысты олардың бағасы ресми өндірілген өнімдерден әлдеқайда арзан. Нәтижесінде кәсіпкерлер мен өндірушілер үлкен шығынға ұшырайды. Бөлім контрафактілік алкоголь мен темекі өнімдерінің көлеңкелі айналымымен белсенді түрде күресуде, – дейді Жағыпар Исатаев. Мәселен, 2022 жылы департаментпен алкоголь өнімдерін шығаратын жерасты цехы анықталып, жойылды. Бұл цехта жалған тіркеубақылау маркалары бар 20 мыңнан астам бөтелке суррогат спирті анықталып, тәркіленді. Аталған қылмыстық істер аясында жүргізілген жедел-іздестіру ісшаралары барысында 99 642 бөтелке немесе 41 634 литр алкогольдік өнімдер, сондай-ақ көлемі 2 765 литр спирті бар сұйықтық анықталды. Суррогат спиртінің көлеңкелі айналымын жою бойынша департамент жұмысының оң нәтижесін алкоголь өнімінен улану статистикасы дәлелдейді. 2021 жылы облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына суррогат алкоголь өнімінен улану бойынша 93 адам, 2022 жылы 22 адам, былтыр 36 адам жүгінген. Статистика – мұндай фактілердің 2021 жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайғанын көрсетеді. Өткен жылы алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша департаментпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 233-баптары бойынша құны 5 миллиард теңгеден асатын акцизделетін өнімдерді заңсыз әкелу фактілері бойынша 23 қылмыстық іс тіркеліп, 6,5 миллион қорап темекі айналымнан алынған. Көрсетілген санның ішінде 15 іс сотқа жолданып, 3 іс мемлекеттік бюджетке келтірілген залалдың толық өтелуіне байланысты оңалтуға жатпайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Қазіргі таңда, 5 факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл мәліметтерді алға тартқан сала мамандары осы жылы акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қатысты 6 қылмыстық іс тіркеліп, оның 2-еуі сотқа жолданатынын атап өтті. Жиында сала мамандарына БАҚ өкілдері тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауап берілді.  

Нұржан ӘЛІШ

Ұқсас жаңалықтар