- Advertisement -

Жамбыл облысында медицина мамандары тапшы

15

- Advertisement -

Жамбыл облысында медицина мамандары тапшы. Аймақ бойынша ұзын саны 80 дәрігер жетіспейді. Жалпы практикалық дәрігерден бастап акушер-гинекологтың өзі таптырмай тұр. Ал Шу ауданындағы 4 елді мекенге бір ғана маман қызмет көрсетеді. Ауылдық амбулаториялардың кейбірі қыстың күні жылусыз отырса, енді бірі науқасты тасымалдайтын қызметтік көлікке мұқтаж,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

Жиделі ауылында 110 млн теңге қаржыға салынып, екі ай бұрын ашылған амбулаторияның сапасына жұрт наразы. Қажетті құралдармен қамтылмаған. Суы ақпайды, жылуы жоқ. Нысан аудандық аурухана теңгеріміне де алынбапты.

— Суық болғаннан кейін өзім де киініп отырмын. Рецепті де шығара алмаймын. Компьютермен жазамын, интернет жоқ сол рецептіні шығару үшін Балуан Шолаққа барамын. Бізде жедел-жәрдем жоқ. Әркім өз машинасымен барады,- дейді учаскелік мейірбике Гаухар Қасымова.

Ал ауылдық округтегі 4 ауыл үшін бір ғана дәрігер қызмет көрсетеді. Жалғыз маманды көптен күткендер амалсыз аудан орталығына шапқылайды.

Ал, аймақтық басқарма ауылды жерлерде маман тапшылығын жоққа шығармады. Елді мекендерде 48, ал қалалы жерлерде 32 орын бос. Жалпы практикалық дәрігер, акушер-гинеколог, анестезиолог-реанимотолог, радиолог пен офтольмологтар жетіспейді. Сондықтан мәселені студенттерге оқу грантын ұсыну арқылы шешпек.

Биыл республикалық бюджеттен 80 орынға жергілікті бюджеттен 77 орынға осындай грантқа өтінім берілді. Осы бюджет есебінен резедентураны бітіргендерден 2024 жылы 30 дәрігер, 2025 жылы 16 дәрігер, 2026 жылы 10 дәрігердің өңірге жұмысқа келуі орналасуда күтілуде,- деді Облыстық ДСБ Баспасөз қызметінің жетекшісі Толқын Өмірбаева.

Аймаққа соңғы екі жылда 35 дәрігер жұмысқа келген. Әкімдік жемісті жобаның жалғасы маман тапшылығын болдырмайды деп сенімді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support