- Advertisement -

Жамбыл облысында әкімдік 500 миллион теңгеге жуық қаржыны негізсіз жұмсамақ болған

31

- Advertisement -

Жамбыл облысы Қордай ауданында заңсыз мемлекеттік сатып алу салдарынан мемлекет қаржысы негізсіз жұмсалмақ болған, деп хабарлайды Қордай аудандық прокуратурасы.
Қомақты қаражат облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмысына жұмсалмақ болған.
“Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі 479 млн теңгеге облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алуды жариялаған. Алайда, заң талаптарына сәйкес конкурсты аудандық емес, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы өткізуі тиіс”, — дейді аудандық прокуратура.
Қордай ауданының прокуратурасы заң бұзушылықты анықтап, қадағалау актісі негізінде конкурсты бұзды. Нәтижесінде бюджет қаражаты желге ұшпай, тиісті мақсатқа жұмсалады, дейді ведомство.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support