Өнеркәсіпте өсім бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Экономиканы әртараптандыру – күрделі міндет. Әртараптандыру болмаса, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрақты жұмыс орындарын ашу мүмкін емес, бұл жұмыстың басты бағыты – өңдеу өнеркәсібін дамыту», – деп бұл бағыттағы жұмысты жандандыруға қажеттілерді айтып өткен еді. Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша айтсақ, облысымызда 859 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді. Оның 14-і ірі, 23-і орта, 822-і шағын кәсіпорындар. Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында 131 кәсіпорын, өңдеу өнеркәсібінде 577, электр энергиясымен, газбен, ыстық сумен жабдықтауда 81, қалдықтарды жинау қызметі саласында 70 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Өнеркәсіп орындарында 42376 адам жұмыспен қамтылған.
Өткен жылдың 11 айында шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 150,9 миллион долларды құраған еді. Былтыр облыстың өнеркәсіп орындарынан 847,7 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 107,2 миллиард теңгені, яғни, өткен жылмен салыстырғанда 121,2 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібі саласында 603,2 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 97,4 пайыз көрсеткіштен көрінді. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 71,2 пайыз болып отыр.
Жыл қорытындысында өңдеу өнеркәсібінің мынадай салаларында өнім көлемі артқан. Атап айтсақ, химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 289,8 миллиард теңгені құрап, өнім көлемі 3,4 пайызға артқан. Өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі – 48 пайыз.
Өзге де, металл емес минералдық өнімдер өндірісі немесе құрылыс индустриясы саласында 55,5 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, өнім көлемі 3,9 пайызға өскен. Саланың өндіріс көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыс берушілердің сұранысына, құрылыс монтаж жұмыстарының маусымдық сипатына байланысты.
Жеңіл өнеркәсіп саласында 9,3 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 7,4 пайызға жоғарылаған.
Машина жасау саласында 22,9 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, өнім көлемі 29,1 пайызға артқан. Саланың өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 3,8 пайызды құрады.
Қорытындылай келе, өткен жылғы ақпараттарға қарағанда, облысымыздың өнеркәсіп саласының әлеуеті мол екенін көрсеткенін айтқымыз келеді. Өнеркәсіп саласын дамыту жұмысы тұрақты бақылауда және бұл жұмыстар жалғаса береді.
Талғат ШАЛДАРБЕКОВ,
облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының өнеркәсіп және қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді