- Advertisement -

Талас ауданы Ақкөл ауылына табиғи газ берілді

24

- Advertisement -

Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылына табиғи газ берілді.

Жалпы 2 242 адам тұратын ауылдағы 411 аулаға көгілдір отын тартылды, яғни, ауылдық елді мекен толығымен табиғи газ игілігін көреді.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халқымыздың тұрмыс-тіршілігін арттыруға баса назар аударып келеді. Бұл бағытта елімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Соның бір дәлелі, Сіздер көптен күткен бүгінгі күн,-деді аймақ басшысы.

Аққөл ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Досболат Туғанбаев тұрғындардың ризашылығын жеткізді.

Ағымдағы жыл басында аудандағы Қызыләуіт, Ақтөбе елді мекендері де газ жүйесіне қосылған.

Айта кетейік, Ақкөл ауылы Талас ауданындағы халық саны жағынан алдыңғы қатардағы ауылдардың бірі. 2021-2023 жылдары Ақкөл ауылында 20 көше жолы жөндеуден өтіп, жаяу жүргіншілер жолдары (тротуар) ретке келтірілсе, бүгінде көше жарықтары орнатылуда.

Жалпы, облыс бойынша өткен жылы елді мекендерді табиғи газбен қамту бағытында 11,8 миллиард теңгеге 11 жоба іске асырылып (6 нысан 2024 жылға өтпелі), халықты газбен қамту үлесі 91,1 пайызға жетті.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 11 елді мекенде тұратын 17 мың тұрғынды газбен қамту және көгілдір отынға қолжетімділікті 92 пайызға дейін арттыру көзделуде.

Ал Талас ауданында Қаратау қаласы мен 23 ауылдық елді мекен болса, соның 18-і газдандырылған, яғни, 75 пайызды құрап отыр. 2027 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support