- Advertisement -

Кәсіби шеберлік сайысы

27

- Advertisement -

Облыс әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Білім беру» саласы бойынша кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пән оқытушыларының мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу мақсатында өткен байқауға 9 педагог қатысты.

Байқау шымылдығы ең әуелі «Мен және қоғам» тақырыбында 3 минуттық бейнероликтің түсірілімімен түрілді. Одан кейін «Әдістемелік жоба» бойынша әрқайсысы өз жобасын қорғап шықты. Соңғы сайыс бойынша «Мультимедиялық технологиялар» жасау модульдері бойынша шығармашылығын көрсетті. Сонымен қатар, сайыс барысында қатысушылардың инновациялық және эксперименттік қызметтері, әдістемелік әлеуеті мен кәсіби құзыреттілігі айқындалды.

Үміткерлердің жасаған жұмыстары соңыра сарапқа салынып, мұқият тексерілді. Сайысқа түскендердің әрқайсысы комиссия мүшелерінің тапсырмасын мүлтіксіз орындап, өз қал-қадерінше қабілетін көрсетті. Өзін биіктен көрсеткен мамандар марапатталды.

Педагогикалық мамандықтары бойынша арнайы пән оқытушылары арасынан жүлделі бірінші орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің оқытушысы Венера Торламбаева жеңіп алып, кәсіби шеберлік конкурсының республикалық кезеңіне өтті. Ал, жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші орын Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Разалья Шиховаға бұйырды. Екінші орын Тараз инновациялық көп салалы колледжінің оқытушысы Айгүл Жунусоваға, үшінші орын Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Дина Сүлейменоваға берілді.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support