- Advertisement -

Жамбыл облысында интернет-алаяқтардан сақтануға арналған «Киберпол» жедел желі нөмірі іске қосылды

31

- Advertisement -

Жамбыл облысында цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрес бойынша «Киберпол» арнайы тобының жедел желісі іске қосылды. Енді сіз 8-7262-99-74-56 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрай аласыз.
Тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер алаяқтардың құрбандары болған адамдарға қандай әрекеттер жасау керектігін толығымен түсіндіріп, екінші деңгейдегі банктермен байланысуға және шотты бұғаттауға көмектеседі. Хабарласқан азаматтарға алаяқтықтың жаңа түрлері туралы да айтылатын болады.

Бөлімнің цифрлық зертханасы қызметкерлерге бір мезгілде барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, қылмыстардың көпшілігі тауарлық және ақшалай несиелерді рәсімдеумен байланысты. Таяуда жедел уәкілдер 21 жастағы күдіктіні ұстады, ол 45 жастағы тұрғынға банктің мобильдік қосымшасы арқылы 800 000 теңге сомасына тұтынушылық несие ресімдеу арқылы қолма-қол ақша шығарып беруге уәде берген. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support