- Advertisement -

Өндіріс те, өнім де артқан

29

- Advertisement -

Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Тоғызтарау, Ерназар, Өрнек, Қаракемер ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, есеп берді.

Тоғыз тарау ауылдық округінде өткен кездесуде әуелі округ әкімі Нұрәділ Төлеков есеп беріп, өткен жылы атқарылған жұмыс барысымен таныстырды. Одан кейін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы есептік баяндамасын жасады.

Оның айтуынша, ауданда жұмыс істеп тұрған 3721 агроқұрылымның 4-еуі өндірістік кооператив, 35-і ауыл шаруашылығы кооперативі, 3682-сі шаруа қожалық. Өткен жылы 74,6 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі шығарылып, нақты көлем индексі 102,3 пайызды құрады. Оның 48,8 миллиард теңгесі өсімдік, 25,3 миллиард теңгесі мал шаруашылығына тиесілі.

Былтыр егіс алқаптарынан, ат ап айтқанда бидайдан 7582, арпадан 25726, дәндік жүгеріден 11197, майлы дақылдардан 4397, картоптан 14852, көкөністен 311396, бақша дақылдарынан 22210 тонна өнім жиналған. Ал, мал азығы үшін 310794 тонна жемшөп дайындалған.

– Ауданда жайылым мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Жалпы, аудандағы жайылым жер 177020 гектарды құрайды. Оның ішінде елді мекен жайылымы 33321, орман қоры жайылымы 64564 гектар. Ауылдық округтерге қоғамдық жайылым үшін 18761 гектар жер берілді. Дегенмен, ауданда жетіспейтін жайылым көлемі 87100 гектар болса, атқарылған жұмыстардың қорытындысында бүгінгі таңда 37300 гектарды құрап отыр. Ал, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 11364,19 гектар жер мемлекет меншігіне алынды. Оның ішінде суармалы алқап 689, 35 гектарды құрас а, суарылмайтыны 782,19, шабындық 24,95, жайылымдық 9982,29 гектар. Одан бөлек 0,349 гектар жер телімі бар, – дейді ол.

Оның айтуынша, ауданда жақсы  қолға алынған жұмыстың бірі – «Ауыл аманаты» жобасы. Бұл жобаны іске асыру барысында Айша бибі, Қарасу, Тоғызтарау ауылдық округтерінің тұрғындарынан 428 өтініш түскен. Қазіргі таңда 332 өтініш қанағаттандырылып, тұрғындар 2,2 миллиард теңге несие рәсімдеп үлгерген. Жоба аясында мал басы еселеп өсіпті.

– Ауданда жұмыс істеп тұрған 15 өнеркәсіп нысаны бар. Олардың күшімен 36 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Ес епті жылы негізгі капиталға салынған инве стиция көлемі 27,5 миллиард теңгені құрады. Биыл, жалпы құны 41,9 миллиард теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде, нәтижесінде 217 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. 2022- 2023 жылдары басталған 41,6 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары биыл да жалғасатын болады. Сондай- ақ, биыл 310 миллион теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобаның құрылысы басталады, – дейді Ерлан Қыдыралыұлы.

Ауданда өндіріспен және кәсіпкерлікпен айналысатын шағын және орта бизнес субъектілерінің күшімен 30,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бұдан бөлек, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлер тарапынан 62 жоба несиелендіріліп, 76 жаңа жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ, бюджет қаражаты есебінен жалпы құны 4,4 миллиард теңгені құрайтын 36 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілген. Ал, биыл ауданда жалпы құны 7,8 миллиард теңге болатын құрылыс жұмыстары жүргізілмек.

Тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегіне тұрғандар саны – 19724 адам. 2021 жылы 7 елді мекеннің жаңа тұрғын үй алқабына электр желісі, су, газ тартылып, қиыршық тас төселіп, 1053 жер телімі кезекпен берілсе, өткен жылы Аса ауылында кезекте тұрған адамдарға 811 жер телімі берілген. Жалпы, соңғы үш жылда 7 елді мекенде 1864 жер телімі таратылған.

Аудан әкімінің айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 2019-2022 жылдар аралығында ауданда 70 жоба іске асырылып, тұрақты 183 жұмыс орны құрылыпты. Өткен жылы 45 жоба жүзеге асқан. Енді, биыл жалпы құны 1,6 миллиард теңгені құрайтын 15 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жалпы, өткен жылдан осы жылға өтпелі 5 жоба бар екен. Бұдан бөлек, тағы 10 жобаны жүзеге асыру көзделуде.

«Бүгінгі таңда Сұлутөр, Айша бибі, Гродеково ауылдарындағы спорт кешендері пайдалануға берілді. Бесағаш, Өрнек, Қаракемер ауылдарында спорт кешенінің құрылысы, Қызылқайнар және Ақбұлымда мәдениет үйінің құрылысы басталып, жұмыстары жалғасуда. Оларды биыл аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, 6 елді мекеннің 37 ауылішілік көше жолдары жөнделетін болады. Бұдан бөлек, атап айтқанда, темір жол станцияларының аумақтарында орналасқан Аса, Жұма, Шайқорық ауылдарындағы тұрғын үйлерді электрмен жабдықтау құрылысына 331 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, ауыл ішілік көше жолдарын жөндеу бойынша 7 ауылдық округте 9 жоба іске асырылады», – деген аудан әкімі білім, денсаулық, спорт, мәдениет, тағы да басқа салалар бойынша қолға алған жобаларға кеңінен тоқталып, тұрғындардың өтініш-тілектеріне назар аударды.

Жоғарыда ат ап өткен ауылдық округтерде аудан әкіміне ауыл тұрғындары өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Атап айтсақ, Тоғызтарау ауылының тұрғыны Алдаберген Жұмабеков егістік жерлерге құдық қаздыруда қандай жеңілдіктер бар екенін сұрады. Ерназарлық зейнеткер Бейсенбай Байтелеев ағын су мәселесін көтерсе, өрнектік Лесбек Амалов орталықтан басқа көшелерге де көше жарығы орнатылса деген өтінішін жеткізді. Ал, қаракемерлік Ағалы Шірікбаев ауылдың шетінде орналасқан қоқыс алаңын ретке келтіруді сұраса, Құмтиын ауылының тұрғыны Марат Оспанов ауылға қашан трансформатор орнатылатынын білгісі келді. Тұрғындардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы аталған мәселелердің кезең-кезеңмен шешілетінін айтып, жиынды қорытындылады.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Жамбыл ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support