- Advertisement -

Медициналық қызмет – қолжетімді әрі сапалы болуы тиіс

30

- Advertisement -

Облыстағы алғашқы медициналық- санитарлық көмек ұйымдарына 40 санитарлық жедел жәрдем көлігі тапсырылды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, жалпы жыл соңына дейін тағы 30 бірлік қызметтік көлік беріліп, тозу деңгейі 47 пайыздан 18 пайызға дейін төмендетілмек. 

«Бұл саланы дамытуға бағытталған мұндай қолдаулар ауыл халқының тұрмысын жақсартуға, ана мен бала өліміне араша түсуге септігін тигізуі тиіс», – дейді аймақ басшысы.

Салтанатт ы іс-шараға қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындарға сапалы қызмет көрсету – басты талап екенін еске салды.

–Ұлт денсаулығы–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саясатының басты бағыттарының бірі. Осы орайда, елімізде азаматтардың денсаулығын жақсартуға, әл- ауқатын арттыруға ерекше ден қойылуда. Бүгінде медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге жан-жақты жағдай жасалып келеді. Ғимараттар жаңартылып, материалдық- техникалық база нығайтылуда, – деді Ербол Қарашөкеев.

«Lada Granta KUB» және «Lada Niva kub» медициналық қызмет автомобильдері науқастар мен зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік беретін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың айтуынша, бұл автокөліктердің жалпы құны 758 миллион теңгені құрайды. Ендігі кезекте 660 миллион теңгеге қосымша 30 бірлік санитарлық автокөлік сатып алыну жоспарлануда.

Орталық алаңда сап түзеген санитарлық жедел жәрдем көліктері Байзақ ауданына 4, Жамбылға 3, Жуалыға 2, Таласқа 3, Т.Рысқұловқа 2, Меркіге 5, Мойынқұмға 3, Сарысуға 3, Қордайға 5, сондай-ақ, Шу аудандық орталық ауруханасына 3, Шу қалалық ауруханасы мен емханасына, Тараздағы №5, 7 қалалық емханаларға және облыстық, қалалық перинаталдық орталығы мен облыстық патологиялық анатомия бюро сына бөліп берілді.

Атап өтерлігі, былтыр өңірде 19 медициналық нысан пайдалануға беріліп, 11 нысан күрделі жөндеуден өткізілсе, биыл 24 медициналық нысанның құрылысы жүзеге асырылады.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support