- Advertisement -

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына — 90 жыл

64

- Advertisement -

Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, академик Қаратай Тұрысовтың туғанына — 90 жыл.

Осыған орай Жамбыл ауданында “Алатаудай өр тұлға” атты конференция өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, ауданның құрметті азаматтары, Қаратай Тұрысовтың туыстары мен көз көрген жақындары қатысты.

Мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысов 1934 жылы 2 ақпанда Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылында дүниеге келген. Ол тәуелсіздігіміздің елең-алаңындағы қиын шақта ел экономикасының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді. КСРО жоғарғы кеңесінің екі дүркін депутаты 1987 жылы Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның жиынында сөз сөйлеп, жер тағдыры, экология зардаптары және ядролық қаруға қарсы өз пікірін ашық білдірді. Жиында қайраткердің еңбегі жайлы айтылып, арнаулар оқылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support