Контрафактімен күресу – ортақ міндет

Контрафактімен күресу – ортақ міндет
ашық дереккөз
Контрафактімен күресу – ортақ міндет
Зияткерлік меншік құқықтары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, облыс тұрғындары арасында контрафактілік өнімдерге төзбеушілікті қалыптастыру, заң бұзушылықтың алдын алу және оның жолын кесу әділет департаменті атқаратын басым міндеттердің бірі. Бүгінде зияткерлік меншік объектілерін қорғау ісі өте маңызды және кешенді мәс еле. Ал, контрафакт дегеніміз – өнімдерді зияткерлік меншік құқығын бұза отырып жас ау немесе пайдалану. Мысалы, тауар таңбасы ие сінің рұқсатынсыз тауар белгіні тауарларда, этикеткаларда, осы тауарлардың қаптамасында пайдалану (өндіру, әкелу, сату және тағы басқалар). Контрафактіге автордың рұқсатынсыз музыкалық, көркем, әдеби шығармалардың кез келген таралуы немесе патенттелген технологиялар мен әзірлемелерді пайдалану жатады. Мұндай өнімдерде сертификаттар мен лицензиялар жоқ. Контрафактілік өнімді жасау кезінде сапасыз, уытты материалдарды пайдалануына байланысты оның адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Контрафактілік өнімдерді заңсыз әкелу, өндіру және айналымға енгізу тұтыну нарығында жосықсыз бәсекелестікке ықпал етеді және бұл еліміздің экономикасына үлкен залал келтіреді. Тұтынушыларды тұтынушылық қасиеті мен шығарылған өнімдерге қатысты жаңылыстырады және отандық өнеркәсіпті дамытуда елеулі кедергі болады. «Әділет органдары туралы» заңның 22-1-бабына сәйкес, департамент тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды «Кәсіпкерлік кодексіне» сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырады. Мәселен, департамент тауар таңбалары иелерінің немесе сенімхат негізіндегі өкілдерінің өтініші негізінде, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 158-бабына сәйкес, құқық бұзушыларға әкімшілік хаттама толтыруға құқылы. 2023 жылы департамент қызметкерлері құқық иеленушілердің өтініші негізінде елімізде қорғалатын тауар белгілерін пайдалануға қатысты заң талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс 6 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 4 құқық бұзушылық әрекеті анықталды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 158-бабы бойынша іс қозғалып, 4 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық іс сотта қара лып, оларға 382 950 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 801300 теңгені құрайтын 603 дана контрафактілік өнім алынды. Осылайша, тексеру шеңберінде «Chanel», «Prachka» сияқты белгілі тауар таңбалары иелерінің құқығы қорғалды. Сонымен қатар, департамент қызметкерлері зияткерлік меншік саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында азаматтармен және кәсіпкерлік субъектілерімен үнемі тиісті құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мәселен, жыл сайын республикалық «Антиконтрафакт» акциясын өткізу тұрақты дәстүрге айналған. Акция шеңберінде сурет, қысқа бейнероликтер мен ұрандар конкурсы, семинар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Айта кетсек, аталған акция аясында ұйымдастырылған «Ең үздік қысқа бейнеролик» байқауында Т.Рысқұлов ауданынан Құлан ауылының оқушысы бірінші орынды иеленді. Контрафактімен күрес жүргізу – баршамызға ортақ міндет. Елімізде контрафактілік өнімдерді заңсыз әкелу, жасау және айналымға енгізу, яғни зияткерлік меншік құқығын бұзғаны үшін әкімшілік, қылмыстық және азаматтық жауапкершілік қарастырылғанын білгеніміз жөн.  

Ғалымжан ҚУАТБЕКОВ,

облыстық әділет департаментінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар