Қаскөйлермен күрес тоқтамайды

Қаскөйлермен күрес тоқтамайды
ашық дереккөз
Қаскөйлермен күрес тоқтамайды
Қоршаған ортаны, табиғат ресурстарын, ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау міндеті жүктелген «Сапсан» жедел қызметі табиғат қаскөйлерімен күресуді үздіксіз жүргізіп келеді. Жедел қызмет инспекторлары заң талаптарына сәйкес, өсімдіктер дүниесін қорғау, күзету және мемлекеттік орман қоры жерлерінде, ерекше қорғалатын табиғи және еркін аумақтарда қасақана құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында заңсыздықтың жолын кесу жұмыстарын атқарады. Осы бағытта өткен жылы 132 рейд жүргізілді. Табиғат заңнамасын бұзғандарға 146 әкімшілік хаттама толтырылып, әртүрлі мөлшерде айыппұлдар салынды. Анықталған заңсыздықтарды атап айтсақ, аң аулау қағидаларын бұзғандарға – 46, балық және басқа да су жануарларына қатысты – 65, ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзғандарға – 18, орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшін 17, заңсыз қаруға байланысты 34 жағдай орын алған. Заңсыз қарудың 19 данасы тіркелмеген қарулар екені анықталып, тәркіленді. Алайда, мұндай заңсыздықтар әлі де тоқтамай тұр. Оның айғағы – жаңа жыл басталысымен-ақ, яғни қаңтар айының өзінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзған азаматтарға 11 әкімшілік хаттама толтырылғаны. Құқық қорғау органдарында тіркелмеген 5 қару тәркіленіп, аудандық полиция бөлімдеріне өткізілді. Сондай-ақ, 18 қаңтар күні Байзақ ауданына қарасты құм алқабында «Сапсан» жедел қызметі инспекторлары аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен кезекті іс-шара барысында шетелдік жол таңдамайтын «Jeep» автокөлігі тоқт атылды. Текс еру барысында артқы жүк салғыш орнынан Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген қарақұйрық (жейран) аңы атылып алынғаны анықталды. Аталған дерек бойынша Байзақ аудандық полиция бөлімімен қылмыстық кодекстің 337-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шаралары басталды. Қазіргі таңда автокөлік ішінен алынған тіркелмеген бір аңшылық қару, бір атып алынған қарақұйрыққа ұқсайтын аңның ұшасы тәркіленіп, күдікті азамат Байзақ аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Негізгі айта кететін мәселе, облыста қоршаған ортаны, табиғат ресурстарын, ормандарды, су айдындарын және жануарлар, өсімдіктер дүние сін қорғау, күзету және мемлекеттік орман қоры жерлерінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, еркін аймақтарды қорғау үшін мекеменің материалдық- техникалық базасы мүмкіндігінше жетілдіріп, жаңартуды талап етеді. «УАЗ» марка лы автокөліктердің тозығы жеткені, жиі бұзылуы және инспекторлардың қолдарындағы арнайы құралдарының ескіргені де қаражаттың жетіспеушілігінен. Мекеме арнайы құралдармен қамтамасыз етілсе, жедел жұмыс одан да нәтижелі болар еді. Анығырақ айтқанда «Сапсан» жедел қызметіне заманауи дрондар, жедел жол таңдамайтын көліктер, заманауи жылу түсіргіш (тепловизор), заманауи түнгі көру құралдары қажет. Адамзатқа берер пайдасы орасан, бірақ көрген залалын айтар тілі жоқ табиғатты қорғау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Дегенмен, парызын ұмытып, қаскөйлік көрсететіндер азаймай тұр. Оларды қатаң қадағалап, құрықтау үшін жедел қызмет те сақадай-сай болғаны дұрыс.  

Әліби САҒЫНДЫҚОВ,

«Сапсан» жедел қызметі мекемесінің директоры.

Ұқсас жаңалықтар