Мемлекеттік қызметшіні негізсіз жазалауға жол берілмейді

Мемлекеттік қызметшіні негізсіз жазалауға жол берілмейді
ашық дереккөз
Мемлекеттік қызметшіні негізсіз жазалауға жол берілмейді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы Әдеп жөніндегі кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтіп, жиында 5 мәселе қаралды. Агенттіктің облыстағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2023 жылы атқарған жұмысының қорытындылары туралы кеңес төрағасының міндетін атқарушы Руслан Шарипов хабарлама жасап, облыста тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқықбұзушылық жасағаны және әдеп нормаларын бұзғаны үшін 21 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылғанын атап өтті. Аталған жұмыстарды жүргізу барысында мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мәселелеріне де жіті назар аударылды. Мәселен, былтыр 7 қызметкерге қатысты тәртіптік іс тоқтатылған. Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы Елдос Бекпатшаев хабарлама жасады. Баяндамашының айтуынша, өткен жылы әдеп нормасын бұзу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 4 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған. Мәселен, жұмыс орнында ішімдік ішкені үшін Тараз қаласы әкімі аппаратының 2 қызметкеріне, көлікті масаң күйде жүргізген Талас ауданындағы ауылдық округ маманына тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы, Ақбастау ауылдық округінің әкімі қарым-қатынас орнату мәдениетінің төмендігі және бейәдеп сөйлегені үшін жазаланды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті тұрақты негізде ре спубликалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде облыстағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған сыни материалдарды анықтау үшін мониторинг жүргізеді. Өткен жылдың 12 айында мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне қатысты 57 жағымсыз жарияланым анықталды. Оның 42-сі жергілікті атқарушы органдардың, 7-еуі құқық қорғау саласының, 2-еуі квазимемлекеттік ұйымдардың қызметшілеріне, қалған 3-еуі сот органдары қызметкерлеріне қатысты болған. Жағымсыз жарияланымдардың басым бөлігі, яғни 25-і лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау және әдеп нормаларын сақтамау фактілері бойынша, ал қалғандары еңбек заңнамасының талаптарын бұзу, мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар және өзге де салалар бойынша жарияланған. Жарияланған жағымсыз материалдардың нақтылығын анықтау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, оның 32-сі расталды. Ал, 17 расталмаған ақпаратты теріске шығару бойынша жұмыстар атқарылды. Расталған фактілер бойынша 2 қызметкерге атқаратын қызметіне толық сәйке с еме стігі туралы ескерту жасалса, 1 қызметкерге мемлекеттік қызметкерге кір келтіретін теріс қылықтарға жол бергені үшін атқаратын қызметіне сәйкес еместігі туралы тәртіптік жазалау ұсынылды. Бұл туралы 2023 жылы және 2024 жылдың өткен кезеңінде жарияланған сыни материалдарды анықтау үшін жүргізілген мониторингтің қорытындысы туралы жасаған хабарламада мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сандуғаш Жүзбаева баяндады. Кеңесте 2023 жылдың қорытындысы бойынша қарамағындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың тәртіптік жауапкершілігі мен отставкасы мәселесіне жүргізілген мониторингтің, сондай, облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялары атқарған жұмыстарға жасалған талдаудың қорытындылары қаралды. Жиында профилактикалық мәселелерді қарау нәтижесі бойынша Әдеп жөніндегі кеңе с тиісті ұсынымдар енгізді.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар