Жаңашылдықтың жарқын үлесі

Жаңашылдықтың жарқын үлесі
ашық дереккөз
Жаңашылдықтың жарқын үлесі
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері түріктің «Anka-S» ұшқышсыз ұшу жүйелерін сынақтан өткізуде. ҰҚК-ның жауынгерлік даярлығы және жауынгерлік қолдану жөніндегі оқу орталығының ұшқышсыз ұшу аппараттарының экипаждары авиациялық техниканың жаңа үлгілері мен олардың мүмкіндіктерін жан-жақты зерделеуде. Əскери комиссияның қорытындысынан кейін Anka-S ұшқышсыз жүйелері эксперименттік сынақтарға қабылданған болатын. Қазіргі уақытта жаңа техника жеке құрамға бекітіліп, қазақстандық əскери қызметкерлердің бақылауындағы ұшқышсыз ұшақтардың алғашқы ұшырылымдары жүргізілуде. Сынақтық əскери операция əскери өнімді сынау құрылымындағы міндетті элемент. Мамандардың айтуынша, мұндай операцияның мақсаттарын нақтылау техниканың мүмкіндіктерін кешенді сынау ауқымын кеңейтеді, оның сенімділігін бағалауды арттырады жəне əскердегі жаңа үлгілерді əзірлеуді жылдамдатады. «Жаңа техникаға тағайындалған экипаждар құрамында ұшақтармен жұмыс істеуде үлкен тəжірибесі бар сауатты мамандар қамтылды. Ұшқышсыз жүйелермен жұмыс істеу біздің əскери қызметкерлердің құзыретін арттыруда. Белгіленген тактикалық-техникалық талаптарды сақтай отырып, «Anka-S» ұшқышсыз жүйесі Əуе қорғанысы күштерінің авиациялық паркін толықтырады. Түрік ұшқышсыз ұшу жүйесінің «Anka-S» атауы түркі мифологиясындағы құсқа қатысты, оны феникс немесе самұрық құсымен салыстыруға болады. Түрік ұшқышсыз ұшағының қанаттары 18 метрге жетеді, ұшу жылдамдығы жүктемеге байланысты сағатына 120дан 270 километрге дейін жетеді. Бұл ұшқышсыз ұшу аппараты 10 километр биіктікке көтеріліп, аспанда 27 сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істей алады. Қазақстандық əскери қызметкерлердің бақылауындағы «Anka-S»  ұшағының алғашқы ұшулары өндіруші компания – «Turkish Aerospace Industries»  түрік аэроғарыш өнеркəсібі мамандарының көмегімен жүзеге асырылуда. Қайта даярлау процесі біраз уақытты алады. Бірақ, ең бастысы, қазақстандық əскерилердің базасы қалыптасуда,– дейді ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік даярлық жəне жауынгерлік қолдану оқу орталығының бастығы, полковник Шохан Мұсабеков. Отандық сала мамандары жаңа ұшу жүйелерінің бұрнағы құрылғылардан айтарлықтай ерекшелігі бар екенін əрі тиімділігі молдығын алға тартуда. – «Win long» жүйесінде ұшқан кездегі əсер мүлде бөлек. Қозғалыс басқа, ұшқышсыз ұшатын аппарат басқаша əрекет етеді. Біз жоғары жауынгерлік дайындығымызды сақтау үшін бар күш-жігерімізді салып, осы кешенді толық меңгеретін боламыз. Қазақстандық жауынгерлік даярлық жəне ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік қолдану үшін оқу орталығының бірнеше офицері алдын ала Түркияда «Anka-S» құрылғысымен жұмыс істеуге дайындықтан өтті. Олар қазір де қайта даярлықтан өтіп жатқандар, өз кезегінде кейін басқа əріптестеріне дрондармен жұмыс істеуді үйрету бойынша тəлімгер болады. Айтпақшы, барлық туындаған мəселелер шешілуі үшін өндіруші компания мамандарының кепілдік тобы Қазақстанда тағы екі жыл қалады, – дейді борт командирі, майор Николай Кириллов. Атауы мен құрылымы аңыздардағы құстарға ұқсаған жаңа дрондар қазіргі таңда бауырлас елдердің арасындағы əскери саладағы əріптестікті нығайтып, алдағы уақытта қауіпсіздікті қырағы қадағалауға бағытталмақ. Отандық сала мамандары əуе қорғанысын арттыру бағытында ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың тиімділігін əрі əуедегі əдіс-тəсілдерді əлі де болса жетілдірудің маңыздылығына мəн беріп отыр.  

Бетті дайындаған Нұржан ҚАДІРƏЛІ.

Ұқсас жаңалықтар