Таразда «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы өтті

Таразда «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы өтті
ашық дереккөз
Таразда «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы өтті
Мемлекет бар жерде – тәртіп бар. Ендеше, заңға мойынсұну әрі қоғамның тыныштығын бұзбау сол елдің тұрғылықты азаматтарына ғана емес, шетелдіктерге де тікелей қатысты. Ал, олай болмаған күнде қылмыс жасағандар өз жазасын алып, сот үкімімен темір торға тоғытылатыны анық. «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен бір апта ішінде Пәкістан Республикасының 28 азаматы бостандыққа шықты. Айта кетейік, олардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен. Әлеуметтік шара аясында шетелдіктерге өз міндеттері мен құқықтары түсіндіріліп, қайта қылмысқа бармау қажеттігі қатаң ескертілді.

Ұқсас жаңалықтар