- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Рождество мерекесімен құттықтауы

35

- Advertisement -

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

Облысымыздағы барша православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Діни мерекелер біздің жүрегімізді сенім мен үмітке, жақсылық пен шыдамдылыққа толтырады.

Өңіріміздегі әр түрлі конфессиялар мен этностардың өкілдері арасында өзара сыйластық пен құрмет көрсету дәстүрі берік қалыптасқан.

Православие дінін ұстанатын жамбылдықтар басқа дін өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста рухани-адамгершілік құндылықтары мен дінаралық диалогты нығайтуға айрықша үлес қосуда.

Рождество мерекесінде әр үйде бейбітшілік пен тыныштық, үйлесімділік пен жарасымдылық салтанат құрып, бақ-береке орнауын тілеймін!

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support