Жерлесіміз жеңіспен оралды

Жерлесіміз жеңіспен оралды
ашық дереккөз
Жерлесіміз жеңіспен оралды
Түркістан қаласында Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Түркістан қаласының 5 жылдығына және белгілі ақын Қаныбек Сарыбаевтың 85 жылдығына арналып «Жас тұлпарлар жырлайды» атты республикалық оқушылар айтысы өткен болатын. Аталған айтыста облысымыздың намысын таластық жас ақын, Ахмет Байтұрсынов атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Әсемай Сейдакбарова қорғады. Ол түркістандық 9-сынып оқушысы Мейіржан Болатпен жарасымды айтыс жасады. Әсемайдың «Несіне ақынмын деп айта аласың, Бір өлеңін білмесең Қаныбектің» немесе «Қалайша биігімнен құламақпын, Мен бүгін Тәуелсізбін шын азатпын, Ләззат әпкем халықтың жүрегінде, Мен де батыр әпкем – Ләззатпын», – деп өзін отаншыл азамат ретінде жырлай білгені көпшілік көңілінен шықты. Әсемай Ерланқызын үш жылдан бері айтысқа баулып жүрген ұстазы – ақын Есет Досалы. Түркістан төріне Әсемай айтыстағы ұстазымен және мектептегі мұғалімі Үміт Ормановамен бірге барды. Айтыс қорытындысында қазылар алқасының шешімімен жамбылдық Әсемай Сейдакбарова жүлделі үшінші орынға ие болды. Сөйтіп, ол «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбековтің қолынан диплом және қаржылай сыйлықпен марапатталды.  

Талас ауданы

Ұқсас жаңалықтар