- Advertisement -

Көрсеткіштер де, кемшіліктер де назарға алынады

47

- Advertisement -

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштердің ағымдағы жылғы қаңтар-қараша айларының және жыл қорытындысымен орындалуының күтілу мәндері талқыланды.

Басқосуда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Сандуғаш Абдралиева баяндама жасап, облыс әкімдігінің басқармаларының және аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің мәліметтері негізінде қалыптастырылған күтілу көрсеткіштеріне тоқталды.

— Өнеркәсіп, құрылыс, сауда, байланыс, көлік салаларында өсім күтілуде. Бұл көрсеткіштер, экономикалық өсімнің, тиісінше, 101,6 және 101,3 пайыз деңгейінде қалыптасуын ықпал етеді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 11 айда 13 пайызға, ал жыл қорытындысымен 7 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, тиісінше, 1,4 пайызға және 0,7 пайызға өсіммен қалыптасады деп күтілуде,-деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, жиында қала және аудандар бөлінісінде көрсеткіштер мен кемшіліктер де назарға алынды.

Бұдан бөлек, облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары мен белгіленген индикаторлардың  2023 жылғы жоспарлы мәндерінің орындалмау қаупі туралы да айтылды.

Облыс әкімі тиісті басқарма басшылары және аудан әкімдерінен жеке-жеке жауаптар алып, нақты міндеттер жүктеді.

Аймақ басшысы жауаптыларға жыл қорытындысымен барлық жоспарлы көрсеткішердің орындалуын қамтамасыз ету, кемшіліктерді реттеу керектігін баса айтып, жұмысы сылбыр басшылар үшін қабылданатын шешімнің қатаң болатынын ескертті.

Сонымен қатар, кеңес барысында құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшыларының да есебі тыңдалды.

 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support