- Advertisement -

Тарих тағылымы ұмытылмайды

41

- Advertisement -

Қазақ елінің жеткен жетістігі, ел болып қалыптасуы – ұлт сапасының жемісі. Мемлекетіміздің өркениетін арттырып, халықтың қорғаны болған, белді азаматтардың арқасында, бүгінгі тәуелсіздіктің тәтті күндеріне де жеттік. Ел тағдырында есімдері естен кетпес дана жандардың «қазақ» деп соққан жүректері, нағыз сапалы ұлттың дәлелі болғандай. Ойы терең бойлаған теңіз суындай, білімі асып-тасқан өзен суындай, данышпан Абайдың өзі, қазақ халқының біртуар азаматы.

Ұлт сапасы, тікелей тіл сапасы десек, қателеспейміз. «Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл» демекші, қазіргі заманда үлкен проблемаға айналған тіл мәселесін шешу әрбіріміздің өз қолымызда. Тағдырдың сый етіп берген ана тілін құрметтеп, өскелең ұрпаққа дәріптеу біздің міндетіміз.

Мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыз саналы, салиқалы ұлт бейнесін барша әлем жұртына паш етіп келеді. Олар, халық игілігі үшін, қанша қилы замандардан өтіп, ел тарихында өшпес із қалдырды.

Сол жандардың ерік-жігері халқымыздың қанында қалыптасқан.

Тәуелсіз елдің болашағы ретінде біз жастар, ұлт сапасын жақсартып, өз тарихымызды жасаймыз. XXI ғасыр – мүмкіндіктер дәуірі. Қолға қару алып, жауға шабатын заманнан өтіп, жауларымызды сөзбен емес, іспен жеңетін заман. Білім алу арқылы шексіз мүмкіндіктерге жете аламыз. «Ұлт сапасы – ел тағдыры», саналы ұлт қалыптастыру біздің қолымызда. Өнегелі халықтың тарихы ешқашанда ел санасынан өшпейді емес. Осы орайда, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы кітап арқылы оқырмандардың, жастардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне, отансүйгіштік қасиетін қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ету мақсатында түрлі жобалармен жұмыс істеп, түрлі ақпараттық, көпшілік-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Атап айтсақ, облысымыздың әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, өңіріміздің әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар, жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында «Бір өңір – бір кітап» облыстық акциясы аясында «Дана да дара тұлға Бауыржан Момышұлы» бауыржантану айлығы, танымал балалар ақыны Совет Әлімқұловтың шығармашылығына орай «Асқақ ақын. Дара ақын. Бала ақын» өлең- өрен кеші, елімізге танымал ақын Жарылқасын Аманұлының 85 жыл мерейтойына арналған «Ақын да мен, сал да мен, сері де мен…» жырдәру кеші өтті.

Сонымен қатар «Айтыс дәстүрі: өткені, бүгіні мен келешегі» акциясы аясында айтыскер ақын, облыстық және республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері, журналист, облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі Есет Досалының шығармашылығына арналып, «Өлең болып өмір сүремін…» атты кездесу де оқырман жүрегіне жол тапты. Жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында «Жазушымен бір күн» акциясы аясында белгілі ақын, жазушы Рафаэль Ниязбектің 80 жылдық мерейтойына орай өтетін «Бір сыр бар жүрегімде…» әдеби ағымдар кеші ұйымдастырылды. Жергілікті ақын Шырын Мамасерікова, ақын, журналист, Ғайни Әлімбекқызы, ақын, Үміт Битенова, ақын Жұлдыз Бейсектің қатысуларымен «Әйел деген әдемі ғой, әдемі…» тақырыбында да көрікті кештер өтіп жатыр.

 

Гүлбану ЖАҚЫПБЕКОВА,

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қызметкері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support