- Advertisement -

ЖАМБЫЛДЫҚ ҰСТАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

34

- Advertisement -

«Қазақстан математика пәні мұғалімдеріқауымдастығы» Республикалық қоғамдықбірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындаX халықаралық шығармашылық байқауы өткізілді.

Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамыту, құзіреттілігін арттыру, жаратылыстану — математика пәні мұғалімдерін біріктіру, тәжірибе және білім алмасу мақсатында ұйымдастырылған байқауға Қазақстан мен ТМД елдерінен, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Арменияданмұғалімдер қатысқан.

Жалпы 300-ден аса мұғалім қатысқан байқау нәтижесінде Жамбыл облысының математика, физика, информатика пәндерінің 7 педагогы жеңімпаз атанып, облыс командасы І орынды иеленді.

Облыс ұстаздарына Алғысхат және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Атап айтсақ, ІІ орынды және 70 мың тенге қаржылай сыйлықты — Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі Д.Убишев, III орынды және 50 мың тенге қаржылай сыйлықты Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп — гимназиясының математика пәнінің мұғалімі А.Муратбаев, №125 «EDUCATION» мектебінің математика пәнінің мұғалімі Н.Жаңабаев, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі С.Таубаев, Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназияның математика пәнінің мұғалімі Б.Кеңесов, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің математика пәнінің мұғалімі Ғ.Еркеғали және облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Е.Жантілеуов иеленді.

Ал, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі М.Талқанбаев, облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Н.Серікбаев, Меркі ауданы, И.Трубицын атындағы №17 мектеп — гимназиясының математика пәнінің мұғалімі И.Кудаева, Байзақ ауданы, Қостөбе орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі О.Асанов және Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның математика пәнінің мұғалімі Б.Усенова, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің физика пәнінің мұғалімі Н.Сыйхымбаева, №125 «ENT school» мектебінің физика пәнінің мұғалімі Н.Тұрғынбеков Алғысхатпен марапатталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support