Денсаулық сақтау нысандарының тозуы төмендейді – Е.Қарашөкеев

Денсаулық сақтау нысандарының тозуы төмендейді – Е.Қарашөкеев
ашық дереккөз
Денсаулық сақтау нысандарының тозуы төмендейді – Е.Қарашөкеев
Қазіргі уақытта Жамбыл облысында 24 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 10-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында. Бүгінге 6 нысан пайдалануға берілді.  «Ірі нысандардың бірі - Тараз қаласындағы облыстық онкологиялық диспансер (200 төсек-орын), Шу ауданындағы балаларға арналған оңалту орталығы», - деді өңір әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Оның айтуынша, жыл соңына дейін тағы 13 денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 20 медициналық-санитарлық нысанның құрылысы қолға алынбақ. Орта мерзімді перспективада Байзақ, Қордай, Жуалы аудандарында 3 ірі аудандық аурухананың құрылысын салу, сондай-ақ Меркі, Шу және Талас аудандарында 3 ауданаралық көпсалалы ауруханаларды қайта жаңғырту жоспарлануда. Нәтижесінде денсаулық сақтау нысандарының тозуы 40,3%-дан 38%-ға дейін төмендейді.

Ұқсас жаңалықтар