- Advertisement -

Заңсыз қоқыс орындары жойылады

32

- Advertisement -

Тазалық – қай кезде де маңызды. Биыл ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша Шу ауданында жүзге жуық стихиялық қоқыс орны анықталған болатын. Жасыратыны жоқ, мұның барлығы күні кеше ғана бола салған жоқ. Жылдар бойы жиналып, қала мен ауыл-аймақтың төңірегі күл-қоқысқа толып қалған. Тиісінше, осыншама қоқыс орындарын қысқа мерзімде жоюдың да мүмкін емес екені белгілі.

Дегенмен, бұл бағыттағы жұмысқа қажетті техникалар мен тиісті мекемелер жұмылдырылып, бүгінде 70-тен аса кездейсоқ қоқыс орындары жойылыпты. Ауданның атқамінер азаматтары бұл мәселеге ерекше назар аударуда. Сондай-ақ, ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша қала мен елді мекендер маңынан 22 стихиялық қоқыс орны анықталғаны да белгілі болып отыр.

Қазіргі кезде аталған орындардың бірқатары жойылыпты. Мұның барлығы аудан әкімдігі бас болып, Шу қаласы мен барлық ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларының белсенділігінің нәтижесінде жүзеге асып отыр. Олар тазалықты сақтау керектігін тұрғындарға талмай түсіндіріп, істің бетін бері қаратыпты. Алдағы уақытта да тұрғындар тазалыққа мән беруінен айнымаса дейміз. Себебі, тазалық басқа біреу үшін емес, алдымен сол тұрғындардың өздері үшін қажет.

– Қазіргі кезде ауданымыздағы қала мен ауылдық округтердің маңын күл- қоқыстан тазарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстардың аяқ алысын бұған дейін бірнеше мәрте айтып, жерлестерімізді рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастамауға шақырғанбыз. Қалған заңсыз қоқыс орындарын жою жұмыстары да жалғаса беретін болады. Бұл ретте жауапты мекемелерде тынымсыз жұмыс атқарып жатыр, – дейді Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Балаби Түменбаев.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support