- Advertisement -

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды

31

- Advertisement -

Облыс әкімдiгiнiң қолдауымен Жамбыл облысы Полиция департаменті 47 дана жаңа көлікпен толықты.

Осыған байланысты өткізiлген салтанатты шараға oблыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, полиция қызметкерлеріне жаңа қызметтік көліктердің кілтін табыстады.

Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР ІІМ және жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірлiк полиция қызметі жыл басынан бері 59 қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде, республика бойынша бірінші болып қазіргі заман талаптарына сай, қоршаған ортаға залалсыз, отандық өндiрiсте жасалған 25 дана электромобиль алынды.

Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. GPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады.

Iс-шара барысында Департамент бастығы Арманбек Баймурзин полиция қызметiнiң жұмысын арттыру мақсатында тиiмдi шаралар қабылданғанын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі.

— Полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау қылмыстың санын азайтуға септігін тигізуде. Осы ретте полиция жұмысын жандандыру бағытындағы әрiптестiк қолдауы үшін Облыс әкімдiгiне алғысымды бiлдiремiн. Бiздiң полиция қызметкерлері бар мүмкіндіктi пайдалана отырып, аумақтағы тәртіп пен қауіпсіздіктi қамтамасыз етуде аянбай қызмет етеді. Сервистік полицияны жүзеге асырып, жұртқа жақын болу мақсатындағы жұмыстар одан әрі жанданатын болады, – деді полиция генерал-майоры.

Салтанатты рәсім жеке құрамның жаңа автокөліктердегi саптық шеруімен аяқталды.

 

ПД баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support