- Advertisement -

Қайраткер есімі ел есінде

186

- Advertisement -

Жамбыл облысы, Тараз қаласы және Т.Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті құрылысшысы Берікшал Имашев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылып, ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараға оның туыстары, достары, әріптестері жиналып, тағы бір рет еске алды.

Берікшал Имашев 1941 жылы 11 сәуірде Луговой ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген. Құрылысшы мамандығы бойынша диплом алғаннан кейін облыста су шаруашылығы саласында еңбек етті. Осы жылдар ішінде «Жамбылводстрой» тресінде бөлім меңгерушісі, Жамбыл облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, Тасөткел су жүйелері басқармасының бастығы болды. 1980-2004 жылдары «Жамбылсуқұрылыс» тресін басқарды.

Берікшал Имашевтің басшылығы мен облыста көптеген ірі гидротехникалық құрылыстар, әлеуметтік және тұрғын үй нысандары салынып, пайдалануға берілді. Олардың барлығы күні бүгінге дейін халыққа қызмет етуде.

– Біздің есімізде ол бәрі кеңес сұрайтын және қолдауға ие болған мейірімді адам болып қалды. Берікшал Имашұлы саналы ғұмырын өңірдегі су шаруашылығы саласының қалыптасуы мен нығаюына арнады. Ол өте дарынды адам еді. Ал, зейнеткерлікке шыққан соң бос отыра алмады. Су шаруашылығы нысандарының жағдайына облыс басшылығының назарын үнемі аударып отырды. Ол кезде облыста су тапшылығы мәселесі әлі өткір мәселе емес еді. Сол кезде де ол жағдайдың дамуын болжап, дабыл қаққан. Ол кісінің жақын адамдарына деген жанашыр қамқорлығын атап өтпеске болмайды. Балаларын, жиендерін лайықты азамат етіп өсірді, – деді Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай.

Облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев те Берікшал Имашев туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, өңірдегі су шаруашылығы саласын дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.

Одан кейін мерекеге қатысушылардың барлығы облыстық тарихи-өлкетану музейінде ашылған Берікшал Имашевқа арналған бұрышты тамашалады.

 

Диас МАРАТҰЛЫ,

журналист.

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support