- Advertisement -

ҚАЖ қызметкерлері кәсіби қызметтік дайындығын жетілдіруде

52

- Advertisement -

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қай кезеңде де жауынгерлік деңгейі заман талабына сай болуы керек.

Бұл ретте құзырлы органдар тәртіп сақшыларының кәсіби қызметтік дайындығын арттыру әрі тактикалық іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылуда.

Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелерінің басшы және жеке құрам қызметкерлері Жамбыл ауданындағы Айша бибі полигонында қоян-қолтық күрес, қалқан және резинка таяқшасымен жұмыс істеу секілді шеберліктерін шыңдады.

Бұдан бөлек, түрлі табельдік қарудан оқ атып, біліктіліктерін арттырды. Сондай-ақ, түрлі деңгейдегі элементтер арқылы аралас жаттығулар мен сынақ тапсырмаларын орындады.

Жалпы, мұндай жаттығулар әрбір қызметкердің жұмыс барысындағы жауапкершілігін артуына зор ықпал ететіні сөзсіз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support