- Advertisement -

Қайырымдылық – қайырлы іс

41

- Advertisement -

Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын адамдар кез келген қоғамның негізгі тірегі саналады.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», дейді қазақ. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің болмауы да мүмкін еме с. Ат а-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған.

Ал, қайырымдылық қанында бар қазақ халқы соңғы жылдары бұл бағыттағы жұмыстарды тіпті үдете түсті.

Ұланбел ауылының әкімі Еркебұлан Абасов ауылдағы қайырымдылық жасағысы келетін, қолы ашық, жомарт жандардың көбеюіне ықпал етуде. Оның елмен тіл табысуының арқасында көптеген игі шаралар атқарылуда. Жақында ғана Ұланбел ауылының аумағындағы геологиялық барлау жұмыстарының «РИО Тинто Экспмерейшн Қазақстан» ЖШС- ның бас директоры Гарри Райт ауылдың әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларының жоғары оқу орнында оқитын балаларының 2023-2024 оқу жылындағы бір жылдық оқу ақысын төлеп берді. Ат ап айтқанда, оқуға деген құлшынысы зор М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері Аяулым Несіпбек, Мөлдір Дулат, Ақназ Болат, Самал Аманбектерге қолдау көрсетілді.

– Гарри Райт мырзаға ата-аналар атынан аналық алғысымды айтамын. Ол кісі үлгі боларлықтай, өнеге аларлықтай игі іс жасады. Қазіргі заманда бала оқытудың қиындығын ата-аналар жақсы түсінеді. Осындай сәтте көмек көрсеткеніне ризамыз. Кейінгі жастарға демеу білдіру – алдыңғы буын өкілдерінің мақсат-мүддесі болуы тиіс деп ойлаймын, – дейді Ләйлә Несіпбекова.

Бүгінгі таңда бұл компания Ұланбел ауылындағы іс-шаралардың қызықты өтуі мен өркениетін дамытуға қаржылай демеушілік көрсетуде.

 

Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА,

журналист.

Мойынқұм ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support