- Advertisement -

Шахтерлерге арнайы әлеуметтік төлем беріледі

42

- Advertisement -

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қарағандыға жұмыс сапары аясында кеншілермен кездесті.

Министр 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем тағайындалатынын айтты. 

«Арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттары: 55 жасқа толу және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл кәсіби зейнетақы аударымдарының болуы талап етіледі. Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады және төрт көзден жүзеге асырылады: республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнайы кәсіптік жәрдемақы; өмірді сақтандыру компанияларынан – 1 ӨМ мөлшерінде; жұмыс берушілердің қаражаты есебінен – 1 ӨМ мөлшерінде, БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен», — деді С.Жақыпова.

Алдын ала есептеулер бойынша, 2024 жылы арнайы төлемдер шамамен 208 мың теңгені құрайды. Әрбір қызметкер үшін оның мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарға байланысты болады. Күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты сома жыл сайын өседі.

 

Дереккөз: Qazaqstan tv

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support