«Мен сенің өміріңнің жалғасымын»

«Мен сенің өміріңнің жалғасымын»
ашық дереккөз
«Мен сенің өміріңнің жалғасымын»
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қоғамда ата-ана мәдениетін қалыптастыру, бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында TEDx форматында «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» тақырыбында ата-аналар форумы өтті. Баланың кемел адам болып қалыптасуында ата-ана рөлінің маңыздылығына назар аударту және педагог мәртебесін насихаттау, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімі мен біліктілігін арттырып, бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған шараға «Сенімен Болашақ» республика лық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Дәурен Бағжанов, аталған оқу орны директорының міндетін атқарушы Саят Қойшыбаев, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Ринат Нұрақбаев, Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев, «Сенімен Болашақ» ре спублика лық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының психологы Шолпан Рахымбердиева, ата-аналар және студенттер қатысты. Форум басында сахнаға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттері шығып, ата-ананың қоғамдағы рөлі туралы 10 минуттық театрландырылған көрініс көрсетті. «Сенімен Болашақ» республика лық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Дәурен Орайұлы ұйымды таныстырып, қоғамдағы ата-ана мәдениетін түсіндіріп, ата-аналар мен студенттер арасында сауалнама жүргізді. – Ата-ана мен баланың арасындағы байланысты нығайтып, отбасы құндылықтарын дәріптеу бағытында мұндай іс-шараның берері мол. Себебі, бала тәрбиесі қашанда басты назарда болуы тиіс және оған ең алдымен ата-ана тікелей жауапты. Сондықтан, осындай басқосулар алдағы уақытта да жалғасын таба берсе, – дейді облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Ринат Нұрақбаев. Сахнаға форумға қатысушы ата-аналардың балалары шақырылып, «Ата-анаңның бойындағы қандай қасиеті ұнайды?», «Ата-анаңны ң қандай қасиеті ұнамайды?» деген сауалдар арқылы отбасы мүшелеріне деген көзқарасы, таным-түсінігі таразыланды. Сондай-ақ, республикалық қоғамдық бірлестік филиалының психологы Шолпан Мұратқызы 10 ата-ананы ортаға шығарып, сұрақтар қою арқылы балаларымен болған ситуациялардан қалай шығатыны туралы тренинг жүргізді. Іс-шара соңында Тараз қаласының бас имамы Ержан Маханұлы дініміздегі ата- анаға және балаға деген құрмет жайында сөз қозғап, көпшілікті алаңдатқан сұрақтарға жан- жақты жауап берді. Форумға қатысқан ата- аналар бала тәрбиесіне қатысты өзара арнайы клуб ашып, әр аптада тағылымды іс-шара ұйымдастыруды ұсынды.  

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Ұқсас жаңалықтар