- Advertisement -

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті

18

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысып, ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

— Агроөнеркәсіп кешені облысымыздың ғана емес, бүкіл еліміздің экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Ел Президенті ауыл шаруашылығы саласының дамуына барынша қолдау көрсетіп келеді.

Мәселен, биыл облыста агрокешенді дамытуға 81,0 млрд. теңге бөлініп, 10 мыңнан аса шаруаға қолдау көрсетілді

Нәтижесінде салада 498,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 35,1 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Сондай-ақ, 374,1 млрд. теңгені құрайтын 28 жоба іске қосылмақ.

Биыл аймақта 57,3 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілді.

Су үнемдеу технологияларын пайдалану мақсатында мемлекет тарапынан ұңғыма қазғаны үшін 80 пайызға, инфрақұрылым жүргізген жағдайда 50 пайызға дейін қолдау көрсетіледі.

Жалпы заманауи технологияларды енгізуге барлық жағдай жасалуда. Сондықтан алдағы уақытта агросаланы одан әрі дамытуымыз қажет,-деді облыс әкімі.

Жиында бірқатар сала ардагерлері мен үздік мамандарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісі мен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары табыс етілді.

Тараз қаласындағы орталық алаңында ұйымдастырылған іс-шарада қала тұрғындар мен қонақтарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мерекелік шара  спорттық ойындар мен жамбылдық өнерпаздардың концертіне ұласты

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support