Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
ашық дереккөз
Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдері  Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде жазасын өтейтін сотталған азаматтарға электронды «Терминал» арқылы талап-арыздарын жолдаудың қыр-сырын түсіндірді. Бұл күні құзырлы орган қызметкерлері аталған мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, жазасын өтеушілерге түзеу мекемесіндегі цифрлы технологиялардың қолданылуы жөнінде мол мағлұмат берді. Айта кетейік, бүгінгі таңда еліміздегі түзеу мекемелері сотталған азаматтардың арыз-шағымын қалдыруға ыңғайлы терминалдармен қамтамасыз етілген. Бұл өз кезегінде жазасын өтеушілердің құқықтарының бұзылмауын әрі заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуде.

Ұқсас жаңалықтар