«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Санитарлық талап күшейтіледі

Санитарлық талап күшейтіледі
ашық дереккөз
Санитарлық талап күшейтіледі
Облыс аумағында санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқармалары жүзеге асырады. Тараз қаласы бойынша бір қалалық және 10 аудандық басқарма бар. Мемлекеттік бақылау және қадағалау нормативтік-құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған бұл сала екі топқа бөлінеді. Эпидемиялық маңызы жоғары объектілер және эпидемиялық маңызы елеусіз объектілер. Осы жылдың 9 айында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі бас-аяғы 209 тексеру жүргізген. Спикердің айтуынша, тексеру кезінде 158 бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, өткен кезеңде санитариялық нормалар мен ережелерді бұзудың анықталған фактілері бойынша 223 айыппұл салыныпты. – Анықталған негізгі бұзушылықтардың сипаты объектінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеуі, зертханалық-аспаптық зерттеулер мен өлшеулер нәтижелерінің сәйкес келмеуі және өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы, – дейді Салтанат Алибаева. Сондай-ақ, ол ауыз судың сапасын бақылау мониторингі жүргізілгенін айтты. Осы уақыт ішінде сумен жабдықтау көздерінен су құбыры суының сынамалары микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 42 878 зерттеу жасалған. Елді мекендердегі ауаны ластайтын негізгі көздер автокөліктер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және жылу электр станциялары және тағы басқа шығарындылар. Елді мекендердегі атмосфералық ауаны негізгі ластаушы заттар көміртегі тотығы мен азот диоксиді. Қаланың және елді мекендердің атмосфералық ауасының ластануына жол бермеу мақсатында санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, радиациялық жағдайдың жай-күйіне мониторинг жасалған. 6 объектіде иондаушы сәулеленудің 240 көзі пайдаланылады. Иондаушы сәулелену көздерін пайдаланатын объектілерде 881 маман жұмыс істейді. Азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігін бақылау барысында профилактикалық жұмыстар да жүргізілген. Оның нәтижелері бойынша бақылау субъектісіне бармай-ақ, елімізде тіркелмеген тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау, жарнамада тағамға биологиялық белсенді қоспаларды бірегей, неғұрлым қауіпсіз және тиімді ұсыну сияқты бұзушылықтар анықталған. Брифинг соңында Салтанат Алибаева журналистердің сауалдарына жауап берді.  

Нұржан ӘЛІШ

Ұқсас жаңалықтар