Оқушылар әскери округте ант берді

Оқушылар әскери округте ант берді
ашық дереккөз
Оқушылар әскери округте ант берді
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы штабының аумағында Жастар әскері қозғалысына балаларды салтанатты қабылдау рәсімі өтіп, офицерлер балаларға Мемлекеттік Тумен түстес галстуктар тақты. «Жас Ұлан» қатарына ең белсенді әрі лайықты оқушылардың қосылу сәтін Тараз қаласындағы №13 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары ерекше күтті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы штабының офицерлері балғындарға көк галстук байласа, олар Отанға адал болуға ант берді. Осылайша, әскери-патриоттық қозғалысқа қосылу үдерісі балалардың есінде мектеп жылдарындағы жарқын оқиғалардың бірі ретінде сақталды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының офицері, полковник Айбек Жүсіпов: «Бұл идеялық тұрғыдан өте дұрыс шешім. «Жасұландықтар» қатарына мектеп оқушыларын қабылдау салтанаты әскери рәсімдердің барлық ережелеріне сай өтті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрінің орындауындағы марш іс-шараға ерекше сән беріп, балалар әскерилердің өнеріне тәнті болды», – десе, аталмыш мектептің мұғалімі Оксана Дьяченк: – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлеріне балаларды өз аумағында «Жас Ұлан» қатарына қабылдау туралы өтінішімізді қолдағандары үшін алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз. Мұндай салтанатты рәсім олардың санасында маңызды оқиға ретінде сақталады. Балалар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының штабында «жасұландық» болғандарын айрықша мақтан тұтады. Жастар армиясы ұйымына кіріп қана қоймай, балалар штаб аумағын аралаудан үлкен әсер алды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрылу тарихымен танысып, әскери даңқ залында болып, ашық аспан астындағы мұражайдағы қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін тамашалады, – деді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының штабына бару мектеп оқушылары үшін өзіндік ерлік сабағы болды. «Оңтүстік» РҚБ әскерлері жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге үлкен мән береді және «Жас Ұлан» қатарына қосылу сияқты маңызды оқиғалардан патриотизмнің іргетасы қаланады. Осылайша, жас азаматтардың бойында елге, оның маңызды оқиғаларына, әскерге, әскери қызметке деген сүйіспеншілік пен құрмет бала кезінен қалыптасады», – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының офицері, подполковник Эльмира Жұмашова.  

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар