Еліне сіңген еңбегі

Еліне сіңген еңбегі
ашық дереккөз
Еліне сіңген еңбегі
Мемлекеттік қызметте біраз биікке жеткен Дамира Сүгірбай – істің адамы. 1995 жылы Жамбыл педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолын Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған. Қордай ауылшаруашылық колледжінде оқытушы, «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің атқарушы директоры қызметтерін де абыройлы атқарды. Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы. Аудандық іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі. V шақырылымдағы облыстық мәслихат, VІ, VІІ шақырылымдардағы аудандық мәслихаттың депутаты. 2016 жылдың сәуірінен 2021 жылдың сәуіріне дейін «Nur Otаn» партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2021 жылдың тамыз айынан бастап Қордай ауданы әкімінің орынбасары. Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және 2005 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2010 жылы «Ең үздік әлеуметтік серіктес» аталымы бойынша Қордай ауданы әкімінің дипломымен, 2011 жылы Президенттің сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Nur Otаn» партиясы облыстық филиалы төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған. 2018 жылы партияның мақсат- міндеттерін жүзеге асыруға үлес қосып, халық арасында ақпараттық жұмысты жүргізуге белсене араласқаны үшін Партия төрағасы бірінші орынбасарының Құрмет грамотасымен марапатталған. 2019 жылы «Қазақстан мәслихаттарына – 25 жыл» мерекелік медалімен және «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2020 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталғаны – еңбегіне берілген лайықты баға. Дамира Маратқызы қазіргі таңда Қордай ауданы әкімінің орынбасары ретінде белсенді қызмет атқаруда. Ауданның әлеуметтік, идеологиялық жұмыстарының алға басуына оң ықпал етіп жүр. Әкімнің орынбасары ретінде аудандағы әйелдердің жұмыс қозғалысын үнемі назарда ұстап келеді. Әсіресе, аудандағы колледждер мен мектептердегі қыздар тәрбиесін басты назардан шығарған емес. Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі комиссияны да іскерлікпен басқарып отыр.  

Есет ДОСАЛЫ

Қордай ауданы

Ұқсас жаңалықтар