Тындырымды тірлік көп

Тындырымды тірлік көп
ашық дереккөз
Тындырымды тірлік көп
Қасиетті Жуалы жері талай ұлыларды топырағынан түлетті. Қазаққа даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы мен Халық жазушысы Шерхан Мұртазаны берді. Бұл өлкеде көптеген генералдар өмірге келді. Сол секілді Жуалының халқы да еңбекқор халық. Топырағы да тұнып тұрған байлық. Жалпы, ауылымыздың жер көлемі 6983,0 гектарды құрайды, оның ішіндегі егістігі 969, бөгде жерлер 49, жайылымы 4361, қалғаны елді мекендердің орналасқан жерлері 1604 гектар. Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылы. Орталықта 83 көше, 3060 аула, 14874 тұрғын бар. Елді мекенде 5 орта мектеп, 3 мемлекеттік және 3 жеке балабақша, 1 орталық аурухана, 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 78 азық-түлік дүкендері мен 2 мешіт, 2 шіркеу халыққа қызмет көрсетуде. Ауыл халқы ауыз су, газ, жалпы инфрақұрылым жүйесімен қамтылған. Орталықтағы барлығы 83 көшенің 77-сіне ауыз су жүйесі 2013 жылы тартылып, қолданысқа берілді. Қалған көшелеріміз алдағы жылдарға жоспарланып отыр. Азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бойынша да жұмыстар атқарылуда. «2021-2025 жылдарға арналған: «Кәсіпкерлікті дамыту» және «Ұлттық жоба» бағдарламалары аясында жылдың 9 айында 690 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды немесе жоспар 93 пайызға орындалды. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекке үміткер 1356 адам бар. Оған 266 отбасынан өтініш берілсе, өткен жылы бұл мерзімге 383 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Көпбалалы аналарды «Алтын және Күміс» алқалармен марапаттау мақсатында өтініш берген 10 ананың 3-еуіне алтын алқа, 7 анаға күміс алқа табыс етілді. Бүгінгі күнге ауыл бойынша 117 «Алтын алқа», 180 «Күміс алқа» алған аналар тіркелген. Жергілікті елдің берекесі мен бірлігін арттыру бәрімізге ортақ үлкен міндет. Қоғамдық қауіпсіздікті, қылмыс және құқықбұзушылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жүргізілуде. Бауыржан Момышұлы ауылында 5 учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Жыл басынан ауылда 42 қылмыс тіркеліп, 41 қылмыс ашылды. Ауылға қарасты учаскелік инспекторларымен қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында заңнамада көзделген баптарға сай 1350 әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелет жасына толмаған жастар арасында қылмыс тіркелмеген. Жол ережесін бұзғаны үшін 596 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған. Автокөлікті масаң күйінде басқарғаны үшін 36 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Учаскелік полиция инспекторлары мен Бауыржан Момышұлы ауылы әкімі аппаратының мамандарымен бірлесе отырып түнгі рейдттер жүргізіліп отырады. Ауыл халқының басты күнкөрісі – шаруашылық. Бұл сала бойынша айтар болсақ, шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалануға 25 шаруа қожалығы тіркелген. Биыл 277 гектар күздік бидайдан 14,0 центнерден өнім алынды. Ал, 300 гектар жаздық арпадан 12,8 центнер, 120 гектар мақсарыдан 9,2 центнер, 2 гектар сәбізден 20,1 центнер өнім алынды. Жуалы халқының тағы бір арқа сүйейтін тіршілігі – мал шаруашылығы. Бүгінде шаруа қожалықтарда 289 мүйізді ірі қара, 2318 ұсақ және 119 жылқы малы бар. Ал, үй шаруашылықтарда 1624 мүйізді ірі қара, 7389 ұсақ, 862 жылқы малы және 11185 дана үй құстары тіркелген. Ауыл экономикасы күн санап дамып келеді. Бауыржан Момышұлы тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне қолдан келгенше жағдай жасалуда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Б.Момышұлы ауылының 18 көшесіне орта жөндеу жұмыстарына 136,0 миллион теңге республикалық трансферттен қаржы бөлініп, толығымен жөнделді. «Асарлатып үй салу» бағдарламасы аясында ауыл халқының және кәсіпкерлердің көмегімен Наурыз көшесі №16 үйде тұратын екінші топ мүгедегі Злиха Сагадинованың үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Керімхан ТӨРЕҚҰЛОВ,

Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі.

Жуалы ауданы

Ұқсас жаңалықтар