Жамбыл ауданында Республика күніне 2 спорт нысаны ел игілігіне берілді

Жамбыл ауданында Республика күніне 2 спорт нысаны ел игілігіне берілді
ашық дереккөз
Жамбыл ауданында Республика күніне 2 спорт нысаны ел игілігіне берілді
Республика күні қарсаңында Жамбыл ауданындағы 2 елді мекенде спорт нысандары ел игілігіне берілді. Соның бірі – Аса ауылында кіші футбол алаңы. Осы күнге дейін Ғ.Мұратбаев көшесінің тұрғындары спортпен айналысу үшін теміржол торабынан өтіп, спорт кешендерінде жаттыққан. Нысан құрылысы сапалы аяқталған. Тұрғындардың қуанышына ортақтасуға келген аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова жұртшылықты Республика күнімен және жаңа нысанның салтанатты ашылуымен құттықтап, спорт саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Екінші нысан – Қаратау ауылындағы кіші футбол алаңы. Ауыл жастары көптен бері ауыл мектебінің спорт залын игілікке пайдаланып жүрген. Спорт алаңы заманауи үлгіде, барлық қажеттілікпен қамтылған. Нысанның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков қатысты. Жалпы, Жамбыл ауданында Республика күніне орай 6 елдімекенде әмбебап спорт кешендері, кіші футбол алаңы және балалар ойын алаңшасын ел игілігіне беру жоспарланған. Оның екеуі жоғарыда аталған ауылдарда болса, 20 қазан күні Тоғызтарау ауылында кіші футбол алаңы, 23 қазанда Гродекова ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені, балалар ойын алаңшасы, Қызылдихан ауылында кіші футбол алаңы, 24 қазанда Айшабибі ауылында әмбебап спорт кешенінің кермесі қиылады. Жалпы аудан тұрғындарына 1 стадион, 3 спорт кешені, 42 спорт зал, 20 үлкен футбол алаңы, 54 кіші футбол алаңы, 16 баскетбол алаңшасы, 20 волейбол алаңшасы, 12 стритворкаут, 4 әмбебап алаңшасы, ипподром, теннис корты қызмет көрсетеді.  

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар