Жеке деректерді қалай қорғаймыз?

Жеке деректерді қалай қорғаймыз?
ашық дереккөз
Жеке деректерді қалай қорғаймыз?
ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША БІРҚАТАР ҰСЫНЫМДАРДЫ ӘЗІРЛЕДІ. Қазіргі уақытта цифрлық технологиялар біздің күнделікті өмірімізде үлкен рөл атқарады. Олар бізге достарымызбен және әріптестерімізбен қарым-қатынас орнатудан бастап, жұмыс пен мектепте де көмектеседі. Біз интернетте әртүрлі құрылғылар мен сервистерді пайдалана отырып, көп уақыт өткіземіз. Алайда, сонымен бірге жеке ақпаратты және деректерді бұзу қаупі бар екенін де ескерген жөн. Сондықтан, әрбір азамат цифрлық гигиена және жеке деректерді қорғау әдістері туралы білгені абзал. Осы орайда, цифрлық гигиена ережелері және азаматтардың киберкеңістікте өзін қалай қорғау қажеттігі туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов айтып берді. Оның айтуынша, цифрлық гигиена – бұл интернетте қауіпсіздікті сақтауға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар жиынтығы. Төменде деректерді қорғауға көмектесетін бірнеше қарапайым кеңестер ұсынылады: 1. Күрделі құпия сөздерді қолданыңыз және әртүрлі аккаунттарға бірдей құпия сөзді пайдаланбаңыз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңызға рұқсатсыз кірудің алдын алуға көмектеседі. 2. Өз құрылғыларыңыздағы бағдарламалық жасақтаманы жаңартыңыз. Өйткені, жаңа нұсқаларда осалдық тұстарды түзету жиі кездеседі. Бұл сізді хакерлердің ықтимал шабуылдарынан қорғайды. Күдік келтіретін хабарламаларға жауап бермеңіз және бейтаныс жіберушілердің сілтемелерін ашпаңыз. Бұл сіздің құрылғыңызда зиянды бағдарламалардың орнатылуына әкеліп соғуы мүмкін.
  1. Вирустардан және басқа да қауіптерден қорғау үшін антивирустық бағдарламалық жасақтаманы пайдаланыңыз. Бұл сіздің құрылғыңызды зиянды бағдарламалардан қорғауға көмектеседі.
  2. Жеке ақпаратыңызды бейтаныс сайттар мен қосымшаларға сеніп, жібермеңіз. Жеке ақпаратты ұсынар алдында сайттар мен қосымшаларды мұқият тексеріңіз.
6 . Өз аккаунттарыңызды қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз. Бұл сіздің аккаунттарыңызға рұқсатсыз кірудің алдын алуға көмектеседі.
  1. Әлеуметтік желілерде және басқа да онлайн сервистерде құпиялылық тетігінің орнатылғанын тексеріңіз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңыздың тек өзіңіз жіберген адамдарға ғана қолжетімді екендігіне көз жеткізуге көмектеседі.
Жеке деректерді қорғау – цифрлық дәуірдегі өміріміздің өте маңызды аспектісі. Цифрлық гигиена мен деректерді қорғау ережелерін сақтай отырып, сіз өзіңіздің жеке ақпаратыңыздың қауіпсіз болатынына көз жеткізе аласыз.  

Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Ұқсас жаңалықтар