Көтерілген мәселе шешімін тапты

Көтерілген мәселе шешімін тапты
ашық дереккөз
Көтерілген мәселе шешімін тапты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бүгінде барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындармен кездесіп, талап-тілектерін тыңдап келеді. Ондағы басты мақсат – ел ішіндегі түйінді мәселелердің оңтайлы шешілуі, маңыздысы да – осы. Мойынқұм ауданының тұрғындары да талай рет түйткілді мәселелерді көтерген болатын. Соның ішінде Ұланбел ауылының тұрғыны Амандық Бекенеев ескі бағаналарды жаңарту керектігін айтқан еді. – Қазіргідей техника дамыған уақытта ауылымызда әлі де ескі бағаналар бар. Мәселен, С.Сейфуллин көшесіндегі электр бағаналары баяғы көне күйінде тұр. Табиғаттың түрлі құбылыстарында ескі бағана сыр берсе, қиындық туғызатыны белгілі. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, тіпті адам өміріне қауіп төндіруі де мүмкін. Сондықтан, осы бағаналарды жаңасымен ауыстырып берсе, – деген еді Амандық Тамабайұлы. Сол кезде ауыл тұрғынына мәселенің заң аясында шешілу жолдары түсіндірілген. Кейін аудандық бюджеттен қаражат қарастырылып, бұл сұрақ оңтайлы шешімін тапты. – Айтылған жағдай артынша-ақ қарастырылып, аудандық бюджеттен 7 миллион 926 мың теңге бөлінді. Аталған жұмысты атқаруға «Қазақбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 5 миллион 5 жүз мың теңгеге ұтып алып, міндетіне алған істі түгелдей жүзеге асырды. Қазіргі уақытта Ұланбел ауылының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық көшесіндегі барлық бағаналар жаңартылды, – дейді ауыл әкімі Еркебұлан Абасов.  

Қамар ҚАРАСАЕВА

Мойынқұм ауданы

Ұқсас жаңалықтар