Бос жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерді мемлекетке қайтару туралы Үкіметке, әкімдерге нақты міндет жүктеп келді. Соның нәтижесінде барлық өңірлерде өзекті мәселе шешімін табуда. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылғанын атап көрсетті. Облыста да Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау қарқын алған. Әсіресе, облыс бойынша Сарысу ауданы 2021-2022 жылдары бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруда көш бастаған. Ауданының жалпы жер көлемі 3136094 гектар болса, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 639,1, оның ішінде жайылым 532,7, шабындық 34,1, бөгде жерлер 47,4, егістік 24,7 мың және көпжылдық екпелер 157 гектарды құрайды. Барлық ауылдық округтер жайылымды пайдаланусыз басымен жоспары дайындалып, аудандық мәслихаттың 2022 жылдың 20 шілдесіндегі шешімімен бекітілген. Ол ауылдық округтерде көрнекі орындарда ілінген.
– Жалпы, жайылым жерлерді пайдаланудың негізгі бес бағыты бойынша мынадай жұмыстар атқарылды және осы бағытта жалғасып келеді. Бірінші бағыттағы «Босалқы жер қорындағы жайылымды елді мекенге бекіту» бойынша 2021 жылы аудан бойынша 49,4 мың гектар жайылым жер елді мекен жерлеріне бекітілсе, былтыр 65,0 мың гектар жер бекітіліп берілді. Елді мекен жерлері 72470 гектардан 182470 гектарға ұлғайды. Бүгінгі таңда аудандағы елді мекен жайылымы 174,6 мың гектарды құрады, жайылым жетіспеушілігі жоқ. Екінші бағыттағы «5 километр радиуста орналасқан жайылымдарды қайтарып, елді мекенге бекіту» жайлы сөз етер болсақ, аудан бойынша 25 елді мекен бар. 5 шақырым радиуста 37,8 мың гектар жайылымдық жер орналасқан. Аудан бойынша жоспарға сәйкес қайтарылуға жататын 7,9 мың гектар жайылымдық жерлер 21 шаруа қожалығының иелігінде.
Ал, енді Президенттің Жолдауда жүктеген міндеттеріне келер болсақ, жұртпен жан- жақты түсінік жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде, 1070 гектар жайылымдық жерлер өз еркімен қайтарылды. Дегенмен, өз еркімен қайтарудан бас тартқандар да кездесті. 3,2 мың гектар жерді мәжбүрлеп қайтару бойынша тиісті қаулы қабылданып, тәуелсіз бағалаушылармен есептеліп, нәтижесінде 37,2 миллион теңге қаржы қажет екені анықталды. Бүгінге Тоғызкент, Игілік ауылдық округтерінің жайылым мәселесін бірінші кезекте шешу мақсатында 3 жер көлемі 618 гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жаңаталап, Игілік, Түркістан, Досбол ауылдық округтері жерлерін мәжбүрлеп қайтаруға жататын 2600 гектар жерді қайтаруға 32 553 000 теңге қаржы қажет болды. Оның ішінде Досболда 5 жер, 915 гектар, қаржы көлемі 11 460 000 теңге.
«Мал басы көп тұрғындарды орман қоры жеріне шығару» бағытында биылғы жылы шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың орман қоры жерлеріне шарт жасасып, 10417 мал басымен 62579 гектар жерге 65 тұлға орналасты. 3 жеке тұлғаға берілген шабындық жерлер көлемі – 464 гектар. «Шаруа қожалықтарының жерлеріне кедергісіз мал жаюға келісімге меморандум жасау» бағытында бүгінде жалпы алғанда 98 шаруа қожалығымен 74 мың гектарға кедергісіз мал жаюға меморандум жасалды. Меморандум әлі де жалғасады. Ал енді, Мемлекет басшысы міндеттеп отырған «Игерілмеген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару» туралы бесінші бағытты сөз етсем, пайдаланылмаған жерлерге бөлім тарапынан үзбей мониторинг жүргізілуде. Жер кодексінің 14-бабының 18-тармағына сәйкес бөлімнің міндеті пайдаланылмаған жерлерді анықтау болып табылады. Пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлеріне оны пайдалану жөнінде мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 2021 жылы 44,6 мың гектар жер аудандық жер қорына қайтарылды. Облыс бойынша 106 мың гектар болса, біздің аудан соның 42 пайызын орындады, – дейді Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерболат Ұзақбеков.
Былтыр облыс бойынша 200 мың гектар жерді қайтару жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда аудан бойынша 20 шаруа қожалығынан 71,3 мың гектар жер өз еркімен қайтарылыпты. Оның 71,1 гектары жайылым, 121 гектары суармайтын егістік және 9 гектары шабындық көрінеді. Бұл көрсеткіш облыс бойынша қайтарылған 200 мың гектар жердің 35 пайызын құраған.
Сонымен қатар, «JerInspectr» порталы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанына да көз жеткіздік. Атап айтқанда, жоспардағы 139 жер учаскесінің 105-не зерделеу жұмыстары жүргізіліп, пайдаланылмаған 57 жер учаскесі жалпы көлемі 30 212 гектар жайылымдық жер тексеруге жолданған.
Биыл жер қайтару жоспары 40 мың гектар болып белгіленген. Бүгінгі күнге қайтарылған жер көлемі 6951 гектар, оның 4,88 гектары егістік, қалғаны жайылымдық жерлер. Жақында 10000 гектарға жуық жерлердің қайтарылуы жоспарланыпты. Сонымен қатар, облыстық жер инспекциясына жолданған Жаңаталап ауылдық округінен Рихангул Полтаеваның – 2600, Нұрман Дүйсеновтың – 354, Мұнтайлақ Канаевтың 411 гектар егістік жерлеріне тексеру басталғанын, Жайылма ауылдық округінен 4 жер көлемі 4748 гектар тексеруге жіберілгенінен де хабардар еткен Ерболат Ұзақбеков, жыл соңына дейін жоспар толық орындалады, – дейді.
Амангелді ӘБІЛ
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді