Жанармай құю бекеттерінде акция жалғасады

Жанармай құю бекеттерінде акция жалғасады
ашық дереккөз
Жанармай құю бекеттерінде акция жалғасады
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан сұйытылған газды өткізу объектілеріндегі өрттердің алдын алу, автомобильдерге жанармай және газ құю кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, «Қауіпсіз жанармай құю» профилактикалық акциясын ұйымдастырды. Оған журналистер мен «Жаса – жастар» қоғамдық бірлестігінің еріктілері де қатысты. Түсіндіру жұмыстары кезінде газ құю станцияларының операторлары мен қызметкерлеріне жанармай құю және газ құю кезіндегі өрт қауіпсіздігінің талаптары ескертіліп, 860 ақпараттық жадынама таратылды. Сонымен қатар, автокөлік иелеріне көрнекті орындарға плакаттар ілінді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар бақылауға алынып, жалғасуда.  

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар